ДӘУТАЙҰЛЫ Несіпбек(30.1.1947 ж.т., Жамбыл обл. Қордай ауд. Кенен а.) -жазушы.
ҚазҰУ-ды бітірген (1985). 1972 - 80 ж. ауд. "Қордай" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі,
жауапты хатшы, редактордың орынбасары. 1980 - 98 ж. Жамбыл обл. "Еңбек туы" ("Ақжол")
газетінде меншікті тілші. 1998 - 2000 ж. "Егемен Қазақстан" газетінің Қырғызстан
Республикасындағы меншікті тілшісі, 2001 - 2002 ж. ауд. "Қордай шамшырағы" газетінің
редакторы. Қазір "Жамбыл" әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, "Ақ көгершін", "Алма
ағашының бұтағы", "Әнім сен едің" атты повестердің, "Құдірет пен Қасірет" романының
авторы. Таңдаулы көркем шығармаларға арналған респ. жабық бәйгелердің жүлдегері,
Ғ.Мұстафиннің 100жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас
жүлдегері.
"ДӘУІР" Қазақстандағы ірі полиграфиялық кәсіпорын. Алматы қ-нда орналасқан.
Газет-журнал, кітап, т.б. баспа өнімдерін көп данамен басып шығаруға маманданған. 1918 ж. қалалық "Заря свободы" газетінің тұңғыш саны жарық көрген шағын баспахана негізінде 1932
ж. құрылған. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан КП ОК-нің газет-журнал баспаханасы аталып, респ.
газет-журналдарды басып шығаратын негізгі өндірістік база міндетін атқарды. 1991 жылдан
"Д." респ. газет-журнал баспасы аталды. Баспа 2000 ж. "Д." жабық акцион. қоғамға айналды.
"Д." 4 тілде - қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше шығатын 44 газет пен 22 журнал
редакцияларына қызмет көрсетеді. Мұнда мерзімді басылымдармен қатар қалың мұқабалы
кітаптар, түрлі түсті басылымдар, мектепке арналған өнімдер, көрнекілік құралдары басылады.
1998 ж. Парижде өткен көрмеде үздік өндірістік-технол. көрсеткіштері үшін "Д." халықар.
"Алтын жұлдыз" белгісімен марапатталды.