ДОСЖАНСексенбайұлы (1838. қазіргі Атырау обл. Махамбет ауд. -1874. Атырауқ.) - ақын.
Шыққан тегі - Кіші жүз. Байұлының Есен-темір руы. Ел ішінде "Есентемір Досжан" атанған. Д-ның
ақындығымен елге ерте танылған. Өмірінің соңғы жылдарында ел әкімдерінің көз қырына ілініп,
жаламен ұсталады. Түрмеде тез ағашына байлаулы жатып айтқан "Даусым, саған не болды?"
деген ұзақ толғауы ел арасына кең тараған. Д. толғауы "Аламан" (1926), "Ақберен" (1972), "XIX
ғасырдағы қазақ поэзиясы" (1985) жинақтарында жарияланған.