"ДОСАН БАТЫР" - тарихи жыр. Ресей үкіметінің 1868 ж. "Уақытша ереже" реформасының
қысымына қарсы Маңғыстау түбегі кззақтарының Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған
наразылық көтерілісін халық ақыны Сәтгіғұл Жанғабылұлы ел аузындағы аңыз, әңгімелерге
сүйеніп, арнайы дастан етіп толғаған. Бұл шығарма халық арасына кең таралып, отарлаушылық
езгіге қарсы бас көтерудің тарихи шындығын көрсеткен көркем шежіреге айналған. Сәттіғұл
жырының Орт. ғыл. кітапхана қорында түрлі нұсқасы сақталған. Мазмұны мен көркемдігі жағынан
толығырақ нұсқасын латын әрпімен жаздырып, 1939 ж. Сәтгіғұл ақын өзі тапсырған да, екіншісін
1941 ж. К.Нұрғазиев, үшіншісін 1947 ж. И. Ұйқыбаев сынды ауыз әдебиетін жинаушылар
тапсырған. Сәттіғұл нұсқасы ақынның "Тоқсан толғау" атты жинағында (1967) жарияланды. "Д.
б." жыры жайлы "Қазақ әдебиеті тарихында" (1961. 1-т. 2-кіт.), "Қазақ тарихи жырларының
мәселелері" кітабында (1979) және Қ.Сыдиықұлының "Ақын жыраулар" (1974), "Сарқылма
қазына" (1996) монографиялық еңбектерінде талданды.