саяси-әлеум. құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа
құрылған Майлиннің "Майдан", Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған "Амангелді", І.Жансүгіровтің
"Кек", "Түрксіб", "Біздің жігітгер", Әуезовтің "Түнгі сарын", т.б. пьесалары жазылып, сахнада
қойылды. Бүлардың кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап жазылғанымен, тарихи
шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан. 20 ғ-дың 40 - 50 жылдары ұлттық Д. жаңа
белеске көтерілді. Бүрынғы тарихи-күрескерлік тақырып
М.Ақынжановтың ""Исатай -
Махамбет",
С.Мұқановтың "Күрес күндерінде",
Әуезов пен
Ә.Тәжібаевтың "Ақ қайың",
Әуезовтің "Абай" трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының
өткен ғасырлардағы әлеум. болмысын суреттейтін "Абай" трагедиясы отандық Д-ның
көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Әуезовтің "Қара қыпшақ
Қобы-ланды", Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесалары күрделі өзіндік ерекшелігін
меңгерудің үлгісіне айналды. "Қара қыпшақ Қобыланды" драмасы сахнада халқымыздың
бостандық жолындағы күресін бейнелейтін қаһармандық тақырыпты орнықтырды. " Қозы
Көрпеш- Баян сұлу" - отандық Д-да махаббат тақырыбын әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген
күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды мәселелерін қозғаған
Ш.Құсайыновтың "Марабай", аңыз-ертегінің негізінде жазылған "Алдар-көсе комедиясы
жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің "Ақан
сері - Ақтоқты", Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин", Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов",
Тәжібаевтың "Майра" пьесалары отандық Д-ның ірі жетістіктері болды. 2-дүниежүз. соғысы
мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің "Сын сағатта", Ә.Әбішевпен
бірігіп жазған "Намыс гвардиясы", Әбішевтің "Достық пен махаббат" пьесалары халқымыздың
басына түскен ауыр кезеңдерді бейнелейді. 20 ғ-дың 60 - 70-жылдары Д. еліміз өміріндегі
елеулі әлеум. мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ Д-сына өз
қолтаңбалары бар Қ.
Мұқамеджанов, Қ.
Байсейітов, Қ.
Шаңғытбаев, Т.
Ахтанов, С. Аянбеков, С.
Жүнісов, Ә.
Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Д. басқа
жанрлармен бірге комедиялық шығармалар театр репертуарларынан берік орын алды.
Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында", Құдағи келіпті", "Қуырдақ дайын", "Өзіме де
сол керек",
Байсейітов пен
Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай", "Ой жігіттер-ай!",
Ахтановтың
"Сәуле",
Әбішевтің "Армандастар", "Нұрлы жаңбыр",
Жцнісовтің "Ажар мен ажал",
Таразидің "Күлмейтін комедия", т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. 20 ғ-дың 70 -
80-жылдары қазақ драматургтерінің қатары
О.Бөкеев, Н.Оразалин, Б.Мұқаев, О.Бодықова,
Д.Исабеков, А..Сүлейменов, Т.Әбдіков, И.Оразбаев, С.Бағгабаев және т.б. жаңа таланттармен
толықты. Бұлардың шығармаларында өз замандастарының ой-арманы, өмірлік көзқарасы
терең бейнеленді. Бөкеевтің "Құлыным менің", "Текетірес", Оразалиннің "Шырақ жанған тун",
"Таскиіктер", Ысқақовтың "Таңғы жаңғырық", Мұқаевтың "Қош бол менің ертегім",
Исабековтің "Әпке", "Мұрагерлер", Сүлейменовтің "Қыздай жесір штат қысқарту", "Жетінші
палата", "Кек", т.б. шығармалар отандық Д-ны әр қырынан байытқан елеулі туындылар ретінде
бағаланды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып
жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы
қайраткерлер өмірі мен қызметі драм. шығармалар арқауына айнала бастады.
Ысқақовтың "Жан
қимақ", Оразбаевтың "Шыңғыс хан", "Естайдың қорланы",
С.Сматаевтың "Той үстінде топалаң",
Б.Әбілдаұлының "Төлеби", О.Дастановтың "Әзірет Сұлтан", А Бекбосыновтың "Соңғы сезім",
Таразидің "Алатау сьшды алабым", М. Байсеркеновтың "Абылай ханның ақырғы күндері",
Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан", Шахимарденнің "Томирис" пьесаларында халқымыздың
басынан кешкен сан қиялы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген.
Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың"3аман-ақыр", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне"
пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына
әкелген трагедиясын суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: