ДОСПАНБЕТОВ Ұзақбай Әбдікерімұлы (30.3.1941 ж.т.. Алматы обл. Ескелді ауд. Қаратал а.) -
жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1978). ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1965 - 67 ж.
Алматы обл. Балқаш ауд. "Балқаш еңбектері" газетінде бөлім меңгеруші, 1967 - 69 ж. Казақ
радиосында аудармашы-редактор, 1969 - 74 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы
істері жөніндегі мемл. к-тінде редактор, 1974 - 76 ж. "Қазақстан коммунисі" журналында аға
редактор, 1976- 88 ж.
"Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі қызметгерін атқарған. Бірнеше прозалық кітаптардың,
көптеген әдеби сын мақалалардың, проблемалық очерктердің авторы.
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5.1943. Жамбыл обл. Талас ауд. Үшарал а. -28.11.1997) - жазушы.
Шымкенттегі сауда техникумын (1963), ҚазҰУ-дьі (1969) бітірген. 1969-76ж. "Жас
Алаш","Қазақ әдебиеті" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгеруші қызметтерін атқарған.
"Директорлар", "Ащы мен тәтті" повестері Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы
істері жөніндегі Мемл. к-тінің, Қазақстан ЛКСМ Орт. к-тінің және "Жалын" баспасының бірлесіп
ұйымдастырған жабық бәйгеде жүлдеге ие болған (1978). Д. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің
грамотасымен марапатталған.