Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет424/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   677
ДӨНЕНТАЕВ  Сәбит  (1894.бұрынғы  Семей  губ.,  Кереку  уезі,  Ақсу  болысы,  4-а.  -  25.5.1933. 
Семей  қ.)  -ақын,  журналист.  Павлодарда  медреседе  оқыған.  Өзі  жеке  мұғалім  жалдап,  орысша 
үйренген.  Д-тың  тұңғыш  өлеңі  "Қиялым"  1913  ж.  "Айқап"  журналында  жарық  көрді.  1915  ж. 
алғашқы  өлеңдер  жинағы  "Уақ-түйек"  деген  атпен  Уфа  қ-нда  басылып  шықты.  1916  ж. 
майданның қара жұмысынан қашып Екібастұз көмір кеніне барады. 1917 ж. ақпан төңкерісінен 
кейін Семейдегі мұғалімдік курсқа түседі. 1919-20 ж. ауылдағы ағарту, сот жұмысына араласады. 
1924  - 33 ж. Семейде шығатын "Қазақ тілі" газетінде қызмет істеген. Өлеңдері  мен мақалалары 
осы газетте басылып тұрған. 1929 ж. Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына (ҚазАПП) 
мүшелікке  өтеді.  "Менің  жәйім"  (1914),  "Балалықты  сағыну"  (1914),  "Заман  кімдікі"(1914), 
"Шілде"  (1915),  "Жәмила  қыз"  (1915),  "У  жеген  қасқырға"  (1915),  "Қаулы"  (1916),  "Екібастұз" 
(1916) т.б. "Тарих таңы" (1924), "Комсомолдың айты" (1924), "Қазақ тіліне" (1924), "Алты жылда" 
(1926),  "Азат  жетті"  (1926),  "10  жылдың  жемісі"  (1927),  "Капиталистердің  сорына  жасаймыз" 
(1926),  "Ерікті  Айша"  (1926),  "Бай  мен  комсомол"  (1928),  "Жалғыз  құдық  басындағы  әйелдер 
мектебінде" (1929), "Пролетариат жазушыларына" (1930), "Біздің колхоз бәйге алады" (1932), т.б. 
өлеңдерінің  авторы.  "Әйел  теңдігін  қалай  түсіну  керек"  (1924),  "Хат  танымаған  қатарға 
қосылмайды" (1924), "Баспасөз күшейсін" (1924), "Әуелі шаруа оңдалу керек" (1924); "Қытайда 
әлеумет  соғысы"  (1924),  "Саясат  дүниесінде"  (1924),  т.б.  мақалаларын  жариялаған.  Д.  "Өгей 
ұл"(1916), "Көркемтай" (1924) әңгімелері мен "Екеуі де дұрыс" оқшау  сөзі (1925) жарық көрген. 
И.А.  Крыловтың,  Ғ.Тоқайдың.  т.б.  шығыс  классиктерінің  бірсыпыра  өлеңдерін  қазақтіліне 
аударған.  Д.  шығарм-ғы  туралы  Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебаев,  Қ.Сыдиықұлы,  т.б.  зерт.  еңбектер 
жазған. 
 
ДРАМА (грек. dramo - әрекет) - әдебиеттің эпос. лирика сынды үш тегінің бірі (қ. Әдебиеттің 
тегі  мен  түрі),  Д-да  оқиға  тартыс,  не  тартыстар  желісіне  жинақтальш,  кейіпкерлер  әрекеті 
арқылы  дамиды.  Д-лық  шығарма  театрға  арналып  жазылады  да,  сахнада  нағыз  көркемдік 
қуатына ие болады. Д. бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтет. 
өнер саласы ретінде дамыған. Кейін Д. сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды. оның трагвдия, 
Д..  комедия,  мистерия,  миракль,  моралите,  мелодрама,  фарс,  водевиль,  трагикомедия,  т.б. 
жанрлары қалыптасты. Классик. Д-ның алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, 
Софокл,  Еврипид  трагедиялары  мен  Аристофанның  комедияларында  жоғары  көркемдік  биікке 
көтерілді, Д. орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. 
Еуропада Д. Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, 
П.Кальдерон)  дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғ-да  Бат.  Еуропада  классицизмдік  драматургия 
үстем болды. 19 - 20 ғ-ларда Д. табиғатында лирик. (Дж. Байрон, А.Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирик. 
Д-лары), "деректі" (Дж. Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы 
арқылы  арнасы  кеңейді.  Д.  -  көркем  шындықты  ерекше  тәсілдермен  шиеленіскен  тартыстар 
желісіне  жинақтап,  оқиғаға  қатысатын  кейіпкерлер  сөзі  мен  іс-қимылы  арқылы  көрсететін  сөз 
өнерінің күрделі тегі. Д-лық шығармада баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар 
(кейіпкер  сөзі)  арқылы  дамиды.  Автор  кейіпкерлердің  қимыл-қозғалысын  білдіретін 
түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка немесе ремарка 
деп  атайды.  Репликалар,  көбінесе,  диалог,  кейде  монолог  түрінде  болады.  Қалай  болғанда  да 
репликалар  шымыр,  ондағы  кейіпкер  мүддесі  мен  құштарлығы,  аласұрған  сезім  әлемі 
көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де 
бола береді. Д-лық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына 
және  ауқымына  байланысты  көріністерге,  актілерге,  бөлімдерге  бөлінеді.  Ал  композициялық 
тұрғыдан  Д-да  оқиғаның  (тартыстың)  басталуы,  шиеленісуі,  шарықтау  шегі,  шешімін  табуы 
болады. Кейбір шығармалар мүндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен 
тұсынан  басталуы  мүмкін.  Ежелгі  грек  трагедияларында  сахналық  шығармалардағы  тартыс 
аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны 


катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас 
кейіпкер монологы көрермендерге қатты әсер еткен. Трагедия бас кейіпкерлер әрекетінің азаппен 
аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді ажуалауға 
құрылса,  Д.  адамзат  мүдделері  арасындағы  қақтығыс,  шиеленіскен  тартысқа  құрылады.  Осы 
қақтығыстың  сипатына,  әлеум.  мән-маңызына  байланысты  зерттеушілер  қазіргі  қазақ  Д-ларын 
қаһармандық  Д.  (мыс.,  М.Әуезовтің  "Қара  Қыпшақ  Қобыландысы,  1945;  С.Сейфулиннің  "Қызыл 
сұңқарлары",  1922,  т.б.),  саяси-әлеуметтік  Д.  (мыс.,  М.Әуезовтің  "Еңлік  -  Кебегі",  1917,т.б.), 
тарихи-ғұмырнамалық  Д.  (мыс.,  М.Әуезовтің  "Абайы"  1950;  Ғ.  Мүсіреповтің  "Ақан  сері  - 
Ақтоқтысы", 1972, т.б.) деп бөліп жүр.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет