Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет479/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   677
"ЕР ҚОСАЙ" - батырлар жырларының бірі. Жырда 14 - 15 ғасырда өмір сүрген, тарихта белгілі Ер 
Көкше батырдың баласы туралы баяндалады. Жоңғарлардың қазақ даласына шабуылы 17 ғасырда 
басталады, яғни жырдағы соғыс оқиғалары осы кезден кейін қосылған сияқты. Жырдың бірнеше 
нұсқасы бар:   
а) В.В. Радлов орыс әрпімен қазақ тілінде бастырып шығарған "Ер Көкше" жырында көбінесе қара 
сөз  араласып  келеді.  ("Образцы  народной  литературы...",  СПб..  1870).  Осы  еңбектің  үшінші 
томында жыр Көкше жайында басталғанмен, негізінде Ер Қосай туралы баяндалады;   
ә)  "Ер  Көкше  және  оның  баласы Ер Қосай" деп аталатын  нұсқаны Г.Н. Потанин орыс тілінде 
жариялайды ("Казахкиргизские и алтайские предания, легенды и сказки", 1918). Бұлардан басқа 
біздің  заманымызда  жазып  алынған  А.Хангелдин,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  нұсқалары,  атақты 
жырау Мұрын Сеңгірбаев жырлаған нұсқа сақталған. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі 
тақырыбы - Отан қорғау, идеясы - ел бірлігін сақтау. Ш.Уәлиханов "Қазақгың халық поэзиясының 
түрлері"  атты  мақаласында  (1958)  Көкшетау  округіндегі  "Қойлы-Атығай"  болысының  қазағы 
Арыстанбайдың  орындауында  "Ер  Көкше  -  Ер  Қосай"  жырын  естігенін  айта  келіп,  жазып 
алмағанына өкініш білдіреді және дастанды жоғары бағалайды. "Е. Қ" дастанының әр жылдары 
жиналған 7 - 8  нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. 
 
ЕРМАН Жүрсін (12.2.1951 ж.т, Қарағанды обл. Жезді ауд. Байқоңыр а.) - ақын. ҚазҰУ-ды (1976). 
Алматыдағы  жоғарғы  партия  мектебін  (1982)  бітірген.  1966  -  68ж.  Жезді  ауд.  газетінде 
қызметкер, 1971 - 80 ж. Жезқазған телерадио к-тінде редактор, бас редактор. 1982 -92 ж. Қазақ 
респ. телерадио к-тінде бас редактор, 1992 - 93 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгеруші, "Ақ 
құс" Қазақстан ауыл жазушылары респ. ассоциациясының вице-президенті, президенті, 1994 - 96 ж. 
"Қазақ мемлекеті", "Қазақстан қанаты" газеттерінің бас редакторы, "Жұлдыз" журналында бөлім 
меңгерушісі қызметтерін атқарған. "Жанартау", "Арайлы күн, армысың", "Ұлытауға бардың ба..." 
атты кітаптары жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. иегері (1986). 
 
ЕРМАЧЕНКОВ  Владимир  (24.1.  1939ж.т.,Алматы)  -  жазушы.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1961). 
Шымкент  пед.  ин-тында  оқытушы,  "Қазақстан",  "Жазушы"  баспаларында,  Қазақстан  Баспа, 
полиграфия  және  кітап  саудасы  істері  жөніндегі  мемл.  к-тінде  бас  редактордың  орынбасары, 
Қазақстан Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім мин-нің бас маманы қызметтерін атқарған. 
Тұңғыш жинағы "Ешқандай төтенше оқиға болмақ емес" 1979 ж. жарық көрген. "Жер үстіндегі үй" 
(повестер  мен  әңгімелер),  "Жез  жылуы"  (1985)  романы  басылып  шықты.  Ә.Нұршайықовтың, 
Б.Тоғысбайұлының,  Е.Әкімқұловтың,  Т.Ахметжанның  шығармаларын  орыс  тіліне  аударған. 
"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері"," Ерен еңбегі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен 
марапатталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет