Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет484/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   677
"Ер  Тарғын"  -  батырлық  жыр.  Ноғайлы  дәуірінің  тарихи  оқиғаларын  бейнелейтін  жырдың 
негізгі идеясы - ел бірлігін сақтау, батырлықты дәріптеу. Ер Тарғын жырының бірнеше нұсқалары 
болған. Бірақ ғалымдардың негізгі вариант деп танитын нұсқасы - 1862 ж. Қазанда басылып шыққан 
Ер Тарғын жыры. Жырды Марабай ақыннан жазып алып бастырған - Н.Ильминский (1859). Одан 
кейін бұл жыр В.Радлов (1870), Д.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақгарында жарияланған. 
Орталық  ғылыми  кітапхана  мен  әдебиет  және  өнер  институтының  мәтінтану  және  қолжазба 
бөлімінде жырдың 8 нұсқасы сақтаулы. Мазмұны, сюжет желісі және композициялық құрылысы 
жағынан  Н.Ильминский  бастырған  нұсқасы  -  оқиғасы  мол,  ең  көркемі.  В.Радлов  нұсқасы  - 
түгелімен  дерлік  қара  сөз.  Ал  Д.Саркин  бастырған  нұсқа  Н.Ильминский  жариялаған  Марабай 
нұсқасынан  көркемдік  деңгейі  төмен.  Сондықтан  қазақ  фольклортану  ғылымы  Ер  Тарғын 
жырының осы екі нұсқасын негізгі деп біледі. Ол - И.Ильминскии жарыққа шығарған Марабай 
нұсқасы және В.Радлов Қырым елінен жинап, өзінің 9 томдығының 7-томына енгізген    Ер Тарғын 
атты  аңыз  әңгімесі.  "Е.  Т."  жырының  негізгі  кейіпкері  -  Тарғын  мен  Ақжүніс,  Тарғын  -  асқан 
батыр, ел қорғаушы. Ал, Ақжүніс жырда батыр мінезді,    көркіне ақылы сай әйел ретінде беріледі. 
Ер  Тарғын  жырының  композициясы  өте тартымды.  шебер құрылған. Кейбір  эпизодтар  көркем 
монологтермен беріледі. Ер Тарғын жырында классикалық эпоста кездесетін көркемдік тәсілдердің 
бәрі  бар.  Ер  Тарғын  жырының  көркемдік  ерекшеліктері,  сюжеттік  желісі,  образдары  хақында 
М.Әуезов,  М.Ғабдуллин,  К.Жұмалиев,  Ә.Қоңыратбаев,  Ә.Марғұлан.  С.Мұқанов.  т.б.  ғалымдар 
зерттеулер  жазды.  Ер  Тарғын  жыры  мен  қазақтың  халық  әндері  негізінде  композитор  Е.Г. 


Брусиловский Ер Тарғын операсын жазды. Ер Тарғын атты жыр башқұрт халқында да бар. Негізгі 
сюжетте айтарлықтай алшақтық жоқ. Алайда,    негізгі кейіпкерлерді бағалауда айырмашылық бар.   
 
ЕРТЕГІ - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Е. - халық прозасының дамыған, көркемделген 
түрі, яғни фольклорлық көркем  шығарма. Ол: әрі тәрбиелік, әрі көркемдік-эстет. рөл  атқарады. 
Ертегілік  прозаның  басты  міндеті  -  сюжетті  барынша  тартымды  етіп,  әрлеп  баяндау.  Е. 
жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Е-нің негізін қалаған жанрлар: миф, хикая, 
әпсана,  т.б.  алғашқы  қауымдық  қоғамның  түсініктерімен  салтын,  әдет-ғұрпын,  яғни  сол  заман 
шындығын өзінше бейнелеген. Е-нің пайда болып қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде ел оны 
қиял деп қабылдамаған, онда баяндалатын оқиғаға толық сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы 
мен  мүмкіндігі  жетілген  сайын  миф  өзгеріске  ұшырап,  мифке  сенушілік  те  әлсіреген,  ондағы 
оқиғалар  мен  кейіпкерлер  басқа  сипат  қабылдаған,  тіпті  мифті  айтушы  бара-бара  өз  жанынан 
қосатын болған. Сөйтіп, миф хикаяға, содан Е-ге айналған. Е-нің түп тамыры миф болса, тағы бір 
таралу  жолы  -  алғашқы  рулық  қауым  адамдарының  аңшылық  әңгімелері  мен  хикаялары. 
Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған 
сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан Е-ге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер 
жайындағы  әңгімелер  қазақ  Е-лерінің  құрамында  аз  емес.  Әрине  олар  біздің  Е-де  сол  ежелгі 
замандағы  күйінде  емес,  көркем  фольклорға  айналған  формада  кө-рінеді.  Алғашқы  қауымдағы 
мифтік ұғымдар туғызған мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, 
т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге Е-ге 
де айналады. Ал алғашқы қауым ыдыраған тұста Е. көркем жанрға айнала бастап, бұрынғы өзіне 
негіз  болған  көне  жанрларды  қорытып,  өзінше  пайдаланған,  енді  қиялды  мақсатты  көркемдік 
есебінде қолданған. Е. халықтың рухани азығы болумен қатар идеол. құрал рөлін де атқарған. Е-нің 
композициясы  бас  қаһарманды  дәріптеуге  бағындырылады,  сөйтіп,  ол  белгілі  бір  жүйе 
бойынша құрылады. Мұның бәрі Е-ге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Е-нің 
поэтикасы  мен  композициясы  көркем  әрі  жүйелі.  Композициясы  бірнеше  бөлшектен  тұрады: 
бастама  -  эпикалық  баяндау  -  аяқтау.  Бастама,  әдетте  өлең  немесе  ұйқасқан  проза  түрінде  бас 
кейіпкердің  ата-анасы,  оның  дүниеге  келуі  туралы  айтып,  тыңдаушыларды  бас  кейіпкермен 
таныстырады. Эпикалық баяндау қаһарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін 
әңгімелейді.Аяқтауда  кейіпкердің  сүйгенін  алып,  немесе  ойлағанын  іске  асырып,  мұратына 
жеткені  хабарланады.  Бастама  мен  аяқтау  көбінесе  тұрақты  тіркес  болып  келеді.  Қазақ 
ертегілерінде  хандық  заманның  шындығы,  сол  шақтағы  әдеттер  мен  нанымдар,  салт-дәстүрлер, 
тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр 
алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы, қиял-ғажайып, батырлық, хикаялық, 
сатиралық  ертегілер.  Сюжеттері  тек  қазақтың  өзіне  тән  Е-лермен  қатар,  басқа  елдермен  ортақ 
сюжетке құрылған Е-лер де бар. 
Олардың  көбі  тарихи-типологиялық  жағдайда  пайда  болған,  біразы  тарихи-генетик.,  яғни  туыс 
халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына 
тараған. Сол себепті қазақ Е-лерінде таза ұлттық, халықар., көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. 
Қазақ Е-лерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Ал, жарық 
көрген тұсы - 19 ғ-дың 2-жартысы. Бүл кезеңде қазақ Е-лерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да 
болды.  Әсіресе  В.Радлов,  И.Березин,  Ы.Алтынсарин,  Я.Лютш,  Г.Потанин,  М.Миропиев, 
А.Васильев, А.Алекторов, Ә Диваев жинақтарында Е-лердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар 
туралы  ғыл.  пікір  айтылды.  Е-лерді  қазақ  оқығанда-ры  мен  ақындары  да  жинастырып,  "Дала 
уәлаятының газетінде" жекелеген мәтіндерді  жарыққа шығарды.  Әсіресе  М.Ж.  Көпеев  Е-лерді 
арнайы  түрде  жариялап  отырған.  Ш.Уәлиханов  бастаған  зерттеу  ісін  Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбайұлы,  Ә.Бөкейхановтар  жалғастырды.  Е-лер  1960  ж.  басылып  шыққан  "Қазақ 
әдебиетінің  тарихына"  жеке  бөлімі  болып  енді  (авторы  -  М.Әуезов).  Е-ні  сала-салаға  бөліп, 
типологиялық тұрғыдан зерттеу 1970 жылдан қолға алынды. 1979 ж. хайуанаттар туралы Е-лердің 
тұңғыш  академиялық  басылымы  жарық  көрді.  Е.  жанры  бүкіл  халық  прозасы  жүйесінде 
"Қазақтың  халық  прозасы"  еңбегінде  зерттелген.  Қазақ  ертегі  тануы  ұлттық  фольклор  туралы 
ғылымымыздың үлкен де маңызды бір саласына айналды. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет