"ЕРТОҚЫМБЕТ" - жыр. Жыр оқиғасы Тоқымбет деген жігіттің махаббат жолындағы ерлік
күресін баяндауға қүрылған. Дастанның кі-сі аттарындағы өзгешеліктері болмаса, мазмұндары
бірдей, бес нұсқасы бар. Торғайлық халық ақыны Файзолла Сатыбалдыұлы ел аузынан естіп
жазған "Тоқымбет" атты поэмада Тоқымбеттің Гүләйім деген бай қызына ғашық болып, өмірде
болған адам, аға сұлтан Ерден батырдың олардың отау тігуіне қол ұшын беруі көркем суреттеледі.
Файзолла ақынның осы поэмасының Ж.Ыбыраев ел аузынан жинаған нұсқасы толық та,
Р.Шәріпұлы жинаған нұсқасы толық емес. Екеуі де он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Осы
жырдың қарағандылық А.Ахметов қара сөзбен баяндаған нұсқасы екі бөлімнен тұрады: 1-бөлімде
Тоқымбеттің нағашысы Сүлеймен оқиғасы баяндалса, 2-бөлім бас кейіпкердің әңгімесі арқылы
өрбиді. Халық ақыны Б.Қожабаев жырлаған осы дастанның бесінші нұсқасы да толық, өлең
құрылысы жыр үлгісіне құрылған. Дастанның барлық нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қоры
мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.