ЕРТЕКШІ - бұрыннан белгілі ертегілерді жадында сақтап, тыңдаушыға көркем тілмен,
тартымды етіп айтып беретін немесе өз жанынан да ертеп шығаратын адам. Фольклордың қара
сөзбен айтылатын эпик. жанрларының бір түрі - ертегінің алуан үлгілері ел ішінде көненің сөзін
көп білетін Е-лер арқылы тараған. Әр Е. өзінің білім өресіне, өмірлік тәжірибесіне сөзге
ұсталығына орай, ертегіге өзінше көркемдік өрнек дарытады. Ертегілердегі адамгершілік,
жақсылық-жаманшылық туралы алуан ойлар, өнеге-өсиетгер Е-нің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп
қалдырған мұрасы. Алғашқы қауымдық кезеңдегі Е-лер - алуан түрлі наным-сенімдерді, мифтік
әңгімелерді жадында сақтап, кие тұтатын адамдар болған. Кейін мифтік сана сейіле бастаған соң
Е-лер ертегі жанрын өрістете түскен. Батырлық, қиял-ғажайып, жануарлар туралы ертегілердің
түр-түрін өмірге әкелген Е. оларды қара сөзбен де, өлең араластырып та айтқан. Е. барлық
халықта бар. М.Әуезов "Абай жолы" эпопеясында Баймағамбет Е-нің тамаша бей-несін жасады.
Қазіргі кезде ертегіні өз ойынан жазып шығаратын жазушыларды Е. деуге болады.