ЕСБАТЫРОВА Ғалия (19.11.1919 ж.т., Алматы обл. Ақсу ауд, Бақалы а) - жазушы. аудармашы.
Мәскеу мемл. консерваториясын бітірген (1940). Респ. газет-журнал редакцияларында әдеби
қызметкер. "Қазақфильм" киностудиясында режиссер, көркем фильмдер дубляжында
аудармашы болып жұмыс істеген. "Кезеңді кездесулер" (1940), "Зылиқа" (1947), "Әмеңгер"
(1951) повестері жарық көрген. Орыс және татар жазушыларының жиырмадан астам
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бұлардың ішінде "Ұшқындар", "Екі капитан", "Орыс
жүрегі", "Жұбай", "Зоя туралы әңгімелер", "Түнгі сағат бірде", "Обком секретары", "Олар
Отанды қорғайды", "Зоя", "Шұғыла кітаптан", "Татар әңгімелерінің жинағы", "Чапаев", т.б. бар.
"Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталған.