"Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) повестері жарық
көрген. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас
қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974)
романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978)
романдары, "Алтын Орда" трилогиясы (1982. 1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар"
(1983), "Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы
(1984-90), "Жұлдыздар" (1977) поэмалар жинағы жарық көрген. "Таудағы тартыс" (1962)
пьесасы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған
"Құйма" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм елімізде және венгр, поляк, болгар
экрандарында көрсетіледі. 40-тан астам өлеңдеріне ән шығарылған. Шығармалары шет ел
тілдеріне аударылған. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы. "Адам туралы ән", "Қатерлі
өткел", "Ғашықгар", "Айқас" романдары бар. Қазақстан мемл. сыйл. иегері (1968), Еңбек Қызыл
Ту (1971), "Құрмет белгісі" (1975) ордендерімен марапатталған. Атбасар қ-ндағы. Алматыдағы
мектептерге, көшелерге Е-нің есімі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: