Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет502/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   677
ЕСЕНТАЙ  БЕРДІҰЛЫ  (1894.  Шығ.  Қазақстан  обл.  Абай  ауд.  Көкбай  а.  -  1967.  Шығ. 
Қазақстан  обл.  Аягөз  қ.)  -  педагог,  халық  ақыны.  Әуелі  ауылда,  1905  -  10  ж.  Көкбай 
медресесінде, 1911 - 14 ж. Семей қ-ндағы орыс-қазақ мектебінде. 1918 ж. Алаш қ-ндағы (Жаңа 
Семей) обл. жер басқармасы ашқан үш айлық мұғалімдер курсында, 1921 ж. қазақ педагогика 
техникумының негізгі  бөлімінде бір жыл оқыған. 1918 ж. Қазанда "Жастарға тағылым" атты 
кітабы шыққан. 1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауд.) мұғалім болған. 1924 - 28 ж. 
ағартушы  Т.Жомартбаев  негізін  қалаған  Маян  мектебінде  Семейден  А.Х.  Парфенов  деген 
мұғалім  апарып,  екі  тілде  бала  оқытқан.  1928  жылдан  Қарауыл  селосындағы  мектептің 
меңгерушісі  болады.  Сол  жылдары  "Шәкірттерге",  "Еңбекшіге",  "Октябрь",  "Активтерге 
айтылған  жыр",  "Мақтаныш",  "Ауыл  суреті",  "Қазақстан  табиғаты",  т.б.  өлеңдерін  жазған.  Е. 
1937 ж. жалған саяси айыппен 10 жылға, 1949 ж. қайтадан тағы 10 жылға сотталып, 1956 ж. елге 
оралған.  Өмірінің  соңғы  жылдарын  жыр  жазуға  арнаған.  "Қыз  Жәкен"  (1959),  "Екі  ойшыл" 
(1962), "Қанды асу" (1968) дастандары жеке кітап болып басылып шықты.   
 
"ЕСЕТ БАТЫР" - хикая. Ел аузында сақталған хикаяны фольклорлық экспедицияға қатысқан 
қызылордалық педагог-ғалым Айнаш Шамшатова 1946 ж. Ақгөбе обл-нан жинап, жазып алған. 
Қарасөзбен  баяндалған  хикая  сюжеті  тарихи  оқиғаны  әңгімелеуге  құрылған.  Қол-жазбада 
өмірде болған Есет батырдың қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі баяндалады. Хикая 
түпнұсқасы Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.   
 
ЕСЕТ Көкіұлы (1667. Қазақстанның батыс аймағы. Ақтөбе өңірі. - 1749) -шешен, батыр, би. Кіші 
жүздің Тама руынан шыққан. Е. қалмақтарға қарсы шайқастарда Жетіру сарбаздарын бастап, 
ерлігімен аты шыққан. 1731 ж. Ресей патшасына ант берген Кіші жүз шонжарлары құрамында 
болған. Еділ  бойы қалмақтарының  кззақ жеріне шабуылын тойтарудағы ерлігі үшін 1743 ж. 
Ресей  патшасы  "тархан"  атағын  берген.  Е.  ел  аузында  сөздері  қалған  айтулы  би.  Шешендік, 
билік сөздерінен Сырым би өнеге алған. 
 
ЕСЕТ  Қараұлы  (1779  ж.т..  Атырау  обл.  Қызылқоға  ауд.  Қарабау  а.  -1869.  Атырау  обл. 
Махамбет  ауд.  Малайсары  алқабы)  -  жырау.  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  Кіші  жүз 
қазақтарының  ұлт-азаттық  көтерілісіне  қатысқан.  Көтеріліс  басылғаннан  кейін  Ресей  әкімш. 
тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау. Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына 
оралып, тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық байланыста болған. 
Е-тен  Мұрат  Мөңкеұлы.  т.б.  көптеген  ақындар  өнеге  алған.  1908  ж.  Қазанда  басылған 
М.Бекмұхамбетұлының  "Жақсы  үгіт"  жинағында  Е-тің  "Тауға  біткен  қайыңның"  деп 
басталатын  қартайған  шағында  айтқан  толғауы  жарықкөрді.  Толғаудағы  өзекті  мәселе  - 
ерлікке, елдікке үндеу. Е. толғауы 1908 жылдан кейін "Шайыр" (Орынбор. 1910 - 12). "Мұрат 
ақынның сөздері" (Таш.. 1924). "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (А., 1967), "Ақберен" (А„ 1972), 
"Өсиетнама"  (А.,  1982),  "XIX  ғасырдың  қазақ  поэзиясы"  (А„  1985),  "Бес  ғасыр  жырлайды" 
(1-том, А., 1984,1989) жинақтарында жарық көрген.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет