Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет507/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   677
ЕСЛӘМҒАЛИҰЛЫ  Мұқадес  (18.2.  1946.  Бат.  Қазақстан  обл.  Сырым  ауд.  "Ақырап" 
ұжымшары-16.6.2004, Алматы) - жазушы. Орал пед. ин-тын бітірген (1967). 1976 ж. Орал обл. 
телерадио к-тінде аға редактор. 1979 жылдан бастап респ. "Жалын" баспасында аға редактор. 
1983  -  84  ж.  "Қазақ  әдебиеті"  газетінде  тілші,  1984  -  90  ж.  респ.телеарнада  "Тамаша" 
ойын-сауық хабарының бас редакторы, 1990 - 93 ж. "Денсаулық" журналында бас редактордың 
орынбасары, 1993 - 95 ж. "Жазушы" баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1998 
жылдан бері Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші. Тұңғыш әңгімесі "Лениншіл жас" 
(қазіргі  "Жас  Алаш")  газетінде  1966  ж.  жарияланды.  "Аққу  сазы"  (1977),  "Екінші  тыныс" 
(1982), "Қайырлы таң" (1984), "Екі басқа дүние" (1986), "Пробный камень" (1990. орыс тілінде) 
атты повестері мен әңгімелері, "Толқын мен ағын романы" (1992). "Өз жүрегіңе үңіл" (1996) 
атты  роман,  повесть  және  әңгімелері,  "Тұман  ішіндегі  көш"  (2000)  романы.  пьесасы  мен 
әңгімелер  жинағы;  2003  ж.  "Әйтеке  би"  атты  тарихи-филос.  дилогиясы,  тарихи  зерттеулері 
топтастырылған  "Сан  қилы  сауал"  (1995).  "Әйтеке  би"  (ғұмырнама.  1998);  "Ғұмырнамалар 
мен ғибратнамалар" (2000) атш кітаптары жарық көрді. "Төле би", "Партизан Қасым Қайсенов", 
"Ақ  бата",  "Тамаша",  "Жаһанша  Досмұхамедов"  атты  жинақтарды  құрастырды.  В.Распутин. 
В.Шукшин,  т.б.  шет  ел  жазушыларының  әңгімелерін қазақ  тіліне тәржімалаған.  "Жазықсыз 
тамған  жас"  атты  пьесасы  Ғ.Мүсірепов  атынд.  Жастар  мен  балалар  театрында  және  обл. 
театрларда қойылды. Халықар. "Алаш" әдеби сыйл. лауреаты (2000). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет