ЕСҚОЖАЕВОспантай (1883. Алматы обл. Кеген ауд. Үштал а. -1940. сонда) - ақын. Ауыз
әдебиет үлгілерін, Сүйінбай, Түбек, Майкөт, Жамбыл өлеңдерін көп білген, халық арасында
жатқа айтқан. Өзіндік әсемдік әуен сазын қазір Ә.Қосбасаров сақгап, айтып жүр. 1931 жылдан
бастап обл.. респ. ақындар слетіне қатысып. Жамбылдың жақын шәкірттерінің біріне айналған.
Атақты Нұрила ақынмен айтысатын он бір ақынның біреуі. 1939 ж. Мәскеуде ашылған
Бүкілодақтық а. ш. көрмесіне қатысып, жырмен ашқан. Өлеңдері негізінен, ауыл өміріне,
табиғат сұлулығына арналған. Нұриламен (1919). Күйкентаймен (1930) ("Айтыс", 1-т., 1965)
айтысқан. Өлеңдері. ауд., обл. газеттерде ғана басылған.