ЕСКЕРТПЕ(ремарка) (франц. remargue ескерту, белгілеу) - драматургтың пьесадағы оқиғаға
катысты кейіпкерлердің даралық қасиеттерін ашып көрсету үшін қажетті қосымша
түсініктеме сөзі. Е. іс-әрекет барысындағы кейіпкердің жасына, мінез-құлқына, киіміне,
сонымен бірге оның қимыл-қозғалысына, көңіл-күйіне, дауыс ырғағына тән толып жатқан
өзіндік ерекшеліктерін белгілеп береді. Е-де актіге, көрініске, эпизодқа қатысты жайларға,
кейде оқиға өтетін жерге, қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға нақтылы сипаттама беріледі.