ЕСІМСЕЙІТОВА Қаршыға (17.12. 1959 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд.) - ақын. 1976 ж.
Шиелі ауд. "Өскен өңір" газетінде еңбек еткен. ҚазҰУ-ды бітірген (1982). Қазақ радиосының
балалар мен жастар редакциясында қызмет атқарған.. Өлеңдері" Қарлығаш" ұжымдық жинағына
енген (1986). "Аңсаған атамекен" кітабы жарық көрген (1994).
"ЕСІМ-ЗЫЛИХА" -дастан. Халық ақыны Нұрқан Ахметбековтің төл шығармасы. 1923 ж. ел
аузындағы аңыз-әңгімені дастан еттп жазып, 1936 ж. қолжазбасын Қазақ ұлт мәдениеті ин-тына
(қазіргі Әдебиет және өнер ин-ты) тапсырған. Дастанда ер көңілді, қайсар Есім серінің Зылиха
деген қызға ғашықтығы, екі жастың махаббат жолындағы әрекеті жырланады. Шығарма мазмұны
Нұрқан ақынның "Есім-Қадиша" атты екінші дастанымен ұқсас. Мұндағы өзгешелік қыз есімі
Қадиша деп алынған. Дастан нұсқасы толық, 11 буынды қара өлеңмен жазылған, "Есім-Зылиха"
дастаны ақынның "Тосын толғау" атты жыр жинағында (1958) жарық көрген. Қолжазба нұсқасы
Әдебиет және өнер ин-ты мәтінтану және қолжазбалар бөлімінде сақтаулы.