ЕТЕКБАЕВМұхамеджан (Ш.5.1936. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақ а. - 10.1.1998. Алматы)
- балалар жазушысы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ-ды бітірген (1960). 1956 - 60
ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Қазақстан пионері" (қазіргі
"Ақжелкен") газеттерінде тілші, Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінің балалар
редакциясында әдеби қызметкер, 1966 жылдан Жамбыл мұражайының директоры болып
қызмет еткен. "Алатау ертегісі" (197), "Алтын мүйізді киік" (1961), "Қисық бүтақ" (1963), "Қызыл
ала автобус"(1964), "Болатбек" (1966), "Жапалақ туралы ертегі" (1967), "Алатау ертегісі" (1968),
"Жамбылдың музей үйі" (1968), "Айтолқын" (1970), "Қара жартас хикаясы", "Жомарт жаз" (1971).
"Сұлу шоқы" (1979). "Бала қыран" (1983), "Таутекелі биігі" (1984) жарық көрген.