ЖАНСҮГІРОВТІҢ ӘДЕБИ МҰРАЖАЙЫ,
Ілияс
Жансүгіровтің
өмірі
мен
шығармашылығына арналған мәдени-ғылыми мекеме. 1984 ж. 23 қарашада Жансүгіровтің
туғанына 90 жыл толуына байланысты Талдықорған қ-нда ашылған. Оның экспозициясы кіре
беріс зал және 5 бөлімнен тұрады. Мұражайда ақын тәлім алып, ұстаз тұтқан ақындардың суреті
мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, ақынның "Күй" поэмасына арқау болған қобызшы
Молқыбайдың қобызы, ақын кабинетінде жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдары,
сонымен бірге оның Б.Майлинмен жазысқан хаттары сақталған. Музей І.Жансүгіровтің қоғамдық
қызметімен, Қазақстан халықтары, шет ел тілдеріне аударылған шығармаларының
аудармаларымен, түрлі құжаттар және фотосуреттер Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ
ұйымдастыру к-тінің председателі. Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы басшысы ретіндегі
ақынның жан-жақты қызметімен таныстырады. Оның кеңес жазушыларының 1-съезі кезінде
М.Горькиймен бірге түскен суреті және орыс, шет ел әдебиеті шығармаларынан аударылған
басылымдары да осы залға қойылған. Мұражайда ақынның қаламдас достары мен
замандастарының фотосуреттері, олар туралы материалдар, сонымен қатар экспозицияда
ақынның әдеби шығарм-ғын жалғастырушы ізбасарларының суреттері де қойылған. Ақын атына
байланысты тарихи жерлердің фотосуреттері мен оның 90 жылдығына арналған экспозициялар,
ақынның жеке кітапханасы мен мұрағаты да бар. Мұражайда түрлі мәдени ағарту жұмыстары,
әдеби диспуттар өткізіліп тұрады. ЖАНТӨБЕТОВ Жақсыбай (1988. Жамбыл обл. Шу ауд. Абай
а -1958) - халық ақыны. Ауыл мектебінен оқыған. 2-дүниежүз. соғысы жылдары үгіт-концерт
бригадасына қатысып, тыл еңбеккерлеріне ән, жырымен белсенді қызмет еткен. Облысаралық
(Қызылорда. 1943). респ. айтыстардың (1943) жүлдегері. Оның халық ақындары
К.Баймағамбетовпен (Қызылорда). Қ.Терібаевпен (Талдықорған) айтыстары, қырғыздың атақты
жыршысы Османқұлмен хат арқылы айтысы (1951) сақталған. "Колхоз жыры"(1930),
"Түрксіб"(1931), "Екі тап", "Назым қыз" (1939), "Мәлік батыр" (1944), "Жамбыл" (1950)
дастандары бар. Өлеңдері "Ақын жырлары", (1958), "Пернедегі термелер" (1965) жинақтарына
енген. "Өмірімнің өрнегі" (1985) өлеңдер мен дастандар жинағы жарық көрген. "Құрмет белгісі"
орденімен (1945), "1941 - 45 жылдардағы 2-дүниежүз. соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін"
медалімен (1946), Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.