эпос, лирика және драманы ертеректе Ж. деп атады, кейде Ж. терминіәдеби түр терминімен
теңестіріледі (қ.
Әдебиеттің тегі мен түрі), Ж-ларды тегі мен түріне қарап лирикалық,
эпостық және драм. деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалық Ж-ларға:
элегия,эпиграмма, эпитафия, ода, идилла, сонет, ронд, мадригал, баллада,
п а м ф л е т , р о м а н с , ө л е ң , терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен
сезімінің үндесуі лирикалық Ж-лардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік
реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия - мұң, эпиграмма - сықақ, ода - мадақ, т.б. Лирикалық
Ж-ларды мазмұны мен тақырыптық өзгешеліктеріне қарап қана емес, бейнелеген өмір
құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеум. лирика, филос.
лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Э п о с т ы қ
Ж-ларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл
Ж-лардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар
(әңгіме, повесть, роман), Эпостық Ж-лар
ұлттық әдебиеттегі
аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы
әдебиеттегі эпостық Ж-ларға:
новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б.
жатады. Драмалық Ж-лардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан үш түрі бар.
Драм. Ж-лар іштей Ж-лық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірі-мен ұштаскан
траги комедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс,
т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін - күлкі,
әзілмен беріледі. Ал трагедияның Ж-лық ерекшелігі - шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін
тартысқа құрылып, соңы қайғымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: