Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет543/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   677
ЖАНҒАЛИЕВ Төлеген (27.1.1950 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) - ақын. Семей 
пед. ин-тын (1973). Алматы Жоғ. партия мектебін (1982) бітірген. 1982 - 99 ж. Абай ауд. партия 
к-тінің  идеология  жөніндегі  хатшысы,  аудан  әкімінің  орынбасары  болып  жүмыс  істеген.  Жыр 
топтамасы "Қарлығаш" (1978), "Сыр сапар" (1980), "Тоғыз перне" (1981) ұжымдық жинақтарында 
жарияланған.  Жас  ақындардың  респ.  "Жігер"  фестивалінің  (1978).  Жамбыл  атынд.  Халықар. 
сыйл. (1996) лауреаты. 
 
ЖАНҒАЛИН  Мұқтар  Омарұлы  (3.12.1910.  Қызылорда  обл.  Қармақшы  ауд.  -  1975.  Алматы)  - 
жазушы,  аудармашы.  ҚазҰПУ-ды  бітірген  (1932).  1932  -  35  ж.  Жезказған  мыс  қорыту  комб. 
директорының  орынбасары  қызметін  атқарған.  2-дүниежүз.  соғысқа  қатысқан.  Қазақ  мемл. 
біріккен  баспасының  директоры,  Шет  елдермен  достық  және  мәдени  байланыс  қоғамының 
төрағасы. Тіл білімі ин-тының меңгерушісі, 1960 жылдан Қазақстан Министрлер Кеңесі мұрағат 
басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Ж. неміс драматургі Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен 
махаббат"  (1948),  орыс  жазушылары  А.Н.  Островскийдің  "Мысыққа  бәрі  майшабақ  емес", 
М.Горькийдің  "Егор  Булычев  және  басқалар"  (  1948),  "Коновалов"әңгімесін,  Л.Леоновтың 
"Шапқыны" (1948) пьесаларын, А.Макаренконың "Ұстаздық дастанын" (1951). Ф.Достоевскийдің 
"Қылмыс пен жазасын" ( 1972). В.Васильевскаяның "Шұғыла" повесін, К.Станиславскийдің "Менің 
өнердегі  өмірім"  мемуарын,  Н.Никитиннің  "Солтүстік  Аврора"  романын,  Л.Толстойдың  "Соғыс 
және  бейбітшілік"  эпопеясының  1.2.4-кітаптарын,  үнді  жазушысы  П.Чанданың  "Тха  хури 
құдығы"  атты  әңгімелер  жинағын,  т.б.  Марк  Твен,    Т.Семушкин,  А.Макаренко,  Л.Толстой, 
Ф.Достоевский шығармаларын қазақ тіліне аударған.   
 
ЖАНДАРБЕКОВ  Болат  Құрманбекұлы  (9.2.1932.  Алматы  -  25.3.  1991.  сонда)  -  жазушы, 
драматург.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1966).  Қазақстанның  телерадио хабарларын  тарату  жөніндегі 
мемл.  к-ті  режиссерінің  ассистенті,  режиссері,  "Қазахфильм"  киностудиясының  режиссері 
қызметін  атқарған.  "Томирис"  тарихи  романы,  "Сақтар"  тарихи  дилогиясы  жарық  көрген.  Ж. 
театр  сахналарында  қойшіған  және  "Қазақтелефильм"  киностудьясында  түсірілген  бірнеше 
пьесалар мен сценарийлердің авторы. 
 
ЖАНДЫБАЕВ  Ғұсман  (25.3.1944  ж.т.,  ШҰАР,  Тарбағатай  аймағы,  Шағантай  ауд.)  -  ақын. 
Алматы  а.ш. техникумын (1963). ҚазҰПУ-ды (1971) бітірген. 1964 - 65 ж. Алакөл ауд. "Жаңа 
өмір" газетінде әдеби қызметкер, 1964 - 65 ж. ауд. мәдениет бөлімінде қызметкер, 1965 - 82 ж. 
Талдықорған обл. Алакөл, Қапал ауд. мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1982 - 85 ж. Қазақ 
телерадио  к-тінде  Әдеби-драмалық  хабарлар  бас  редакциясының  редакторы,  1985  -  87  ж.  " 
Мектеп" баспасында редактор, 1988 - 89 ж. "Жалын" журналында бөлім меңгерушісі, 1989 - 2000 
ж.  "Жазушы",  "Рауан",  "Білім"  баспаларында  редактор,  бөлім  меңгерушісі,  "Қазақ 
энциклопедиясы" бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір "Жазушы" 
баспасында  редактор.  Алғашқы  өлеңдері  "Жұлдыз"  журналында,  "Қазақ  әдебиеті",  "Лениншіл 
жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеттерінде 1962 жылдан жариялана бастаған. Өлеңдері "Жер жүрегі" 
(1966), "Құс жолы" (1967), "Жас керуен" (1969) жинақтарына енген. "Асыл жандар" (1970) кітабы 
және  "Жасыл  жондар"  (1974),  "Зеңгір  аспан"  (1978),  "Қыр  қызғалдақтары"  (1981), 
"Көкорай"(1984),  "Жыр  желкені"  (1986),  "Арай"  (1987),  "Өткел"  (1989),  "Теріскақпай"  (1994; 
Матай қорының І.Жансүгіров атынд. сыйл. берілген. 1995), "Таңғы шық" (1996), "Тарайық" (1998), 
"Ақ теңізден бір    тамшы" (2001), "Сәріде туған ақ сәуле" (2003). т.б. жыр жинақтары, сонымен 


қатар "Сөз мәйегі" (1998) көркем-публицистик. кітабы. "Әкпе", "Жекпе-жек" дастандары жарық 
көрген.  К.Бобошконың  "Аңыздан  ғажап  ақиқат"  ғыл.-танымдық  кітабын,  орыс  ақыны 
А.Вознесенскийдің "Ор" поэмасын, неміс ақыны Б.Брехтың лирикаларын қазақ тіліне аударған. 
Жас ақындардың респ. бәйгесінің бас жүлдегері (1966).   
 
ЖАНКІСІ Басыбайұлы (1772. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Қарағандысай бойы - 1849. Сыр бойы) - 
ақын,  би.  Кейбір  аңыз-әңгімелерде  Ж-нің  шын  аты  -  Жанқиса  және  ол  Қоқан  хандығы 
әскерлерімен  қақтығыста  қайтыс  болған  делінеді.  Жанқисаның  жанама  аты  Ж.  екенін 
Е.Бекмаханов  та  көрсеткен.  Ж.  шығармаларының  көпшілігі  сақталмаған.  "Мақпал  -  Сегіз" 
дастанының үзіндісі. "Қоқан ханына айтқаны", "Қожыққа айтқаны" толғаулары ғана жеткен. Ж-нің 
"Қоқан  ханына  айтқаны"  толғауы  "Ай,  заман-ай,  заман-ай"  жинағына  енген  және  осы  толғауы 
1830 ж. орыс тіліне аударылып, "Песня о временах владычества коканцев" деген атпен "Образцы 
киргизской  поэзии  в  песнях  эпического  и  лирического  содержания.  переложенных  в  русские 
стихи"  жинағында  жарық  көрген  (1885.  Орынб..).  Кейбір  шығармалары  Әдебиет  және  өнер 
ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы тұр.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет