"ЖӘМИЛА" - дастан. Авторы Семей обл. Шар ауд-ның тұрғыны Тембай Манабаев, Мәкежан
Құлкенов деген кісі дастанды 1949 ж. ел аузынан жазып алған. Жыр сюжеті "Мың бір түн"
ертегісінен алынып, өлеңмен жазылған, мазмұны "Сейфул-Мәлік" жырына ұқсайды. Дастанның
бас кейіпкері Мәлікриян патшаның баласы Рабиғұлмәлік махаббат жолында қиял-ғажайып
ертегілеріндей сиқырлы заттар жәрдемімен қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетеді. Дастан
бұрын баспа бетін көрмеген, қара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхана
қорында сақтаулы тұр.