ЖӘЛЕНОВАҚатира Сыздыққы-зы (22.4.1951 ж.т.. Қызылорда обл. Шиелі ауд. "Авангард" а) -
ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1973-93 ж. Қазақ радиосына редактор. Баспасөзде 65-жылдардан
бастап көрінді. Тұңғыш жинағы - "Кел, махаббат" 1978ж. жарияланды. "Аңсаған менің әнімсің"
(1981), "Ақ гүлдер" (1989) өлеңдер жинағы жарық көрген. Бір топ өлеңдері "Разбег" (1986)
ұжымдық жинақта орыс тілінде басылып шыққан. Ол тәжік ақыны Г.Сүлейменованың "Қырық
бұрым" (1983) өлеңдер жинағын қазақ тіліне аударған. Кейбір өлеңдеріне: "Ақшақар", "Анашым"
(екеуінің әні Е.Өмірзақовтікі) ән шығарылған. Респ. "Жігер" фестивалінің лауреаты, Абайдың 150
жылдығына арналған ақындар мүшәйрасының жүлдегері.