Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет569/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   677
ЖАЯУ  МҰСА  Байжанұлы  (1835.  Павлодар  обл.  Баянауыл  ауд.  Жасыбай  көлінің  маңы  - 
31.7.1929.  Баянауыл  ауд.  Далба  тауының  етегіндегі  Ақшоқы  деген  жер)  -  әнші,  ақын, 
композитор. Жастайынан ән салып, домбыра тартқан. 1854 ж. Омбы қ-ндағы орыс мектебінде 


оқыған.  Ақынның  тырнақ  алды  туындысы  -  "Қыздар-ай",  "Ақсиса",  "Хау-лау",  "Шормановқа", 
"Толғау",  "Бұзау  зары",  "Тұтқын  зары",  "Сүйіндік",  "Баянауыл",  "Жаздың  күні",  "Жазда", 
"Ұльггау",  "Сарын",  "Тұрымтай",  "Қаршыға",  "Көгершін",  "Құлбай",  "Қазан  қыздары",  "Сұрша 
қыз", "Шолпан", "Сәулем қыздар", Гауһар қыз", "Ләйлім", "Келдім, Сапар, басыңа", т.б. әндері, 
"Шал мен торғай", "Бөдене мен қаншыр" мысалдары бар. Сондай-ақ, Ж. М-ның "Қыз күйі", "Қыз 
бала күйі", "Қызқарқара", "Қамшылау" күйлерінің авторы. Ж. М-ның көп-теген қолжазбалары 
Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мүрағат-тарынан табылды. Оның әндері мен күйлерін 
алғаш  нотаға  түсіріп,  жа-зып  алғандар  -  А.В.  Затаевич,  А.Жү-банов,  Е.Б.  Ерзакович, 
М.Лалинов.  Әнші  бейнесі  көркем  шығармаларда  (З.Ақышевтің  "Жаяу  Мұса"  романы) 
сомдалды. Павлодар обл. Ақсу қ-ндағы мәдени-ағарту уч-щесі және Павлодар қ-ның бір көшесі 
Ж. М. есімімен аталады. 
 
ЖӘКЕ Қойтанұлы (1830, Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Сайқан тауы - 1914, Қытай, Сауыр 
тауы) - би, шешен. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтқан шешендігімен танылған. 
1883  ж.  800  үй  меркіт  руын  бастап,  Сауыр  тауына  қоныстанған,  сол  рудың  үкірдайы  болып 
сайланған.  Керей,  найман  тайпаларына  төрелік  айтып,  би  болған.  Түрлі  дау-дамайларда 
әділдігімен  көзге  түсіп,  "керейдің  Жәкесі,  меркіттің  әкесі"  атанған.  Тарбағатай,  Алтай, 
Қобданы билеген қытай ұлықтары, салық салу, жер мәселесін Ж. бимен келісіп шешкен. Ж. ел 
ішінде сауат ашу ісіне де ат салысып, 1889 ж. Ласты өз-нің бойынан медресе ашқан. Зайсаннан 
Нұғман қазіретгі шақыртып, бала оқытқан. Сол медресе кейін "Жәке медресесі" аталып кеткен. 
Ж.  бидің  айтқан  билік,  нақыл  сөздері  Алтай  аймағының  орт.  Сарсүмбе  қ-нан  шыққан  "Таң 
шолпан" журналының 1947 жылғы 2-санында жарияланған. 1944 ж. немересі Қабыл тәйжінің 
аузынан  І.Омаров  жазып  алған  Ж-нің  шешендік  сөздері  М.Әуезов  мұражайында  сақтаулы 
тұр. 
 
ЖӘКЕН Байтуов (28.4.1891 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Шаруатеңеу а.- 19.2.1962, сонда) - 
халық  ақыны. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай 
ақындармен айтысқа түскен. Ж. "Қойшы мен қасқырдың", "Ақ қой мен қара қойдың" айтыстары, 
"Наршөккен",  "Бірінші  майға"  өлеңдері,  "Саржан-Бодық",  "Бөрі  батыр",  "Көк  жайдақ",  т.б. 
дастандары бар. "Сал-сал", "Абылай", " Наурызбай" дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет