Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет608/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   677
"ЖҰЛДЫЗ"  -  республикалық  әдеби  журнал.  "Шолпан"  (1922),  "Таң"  (1924)  журналдарының 
ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 ж. жарық көрген. Әр жылдары "Жаңа әдебиет" (1928 - 32), 
"Жыл құсы", "Әдебиет майданы" (1932 - 39), "Майдан" (1941 - 45), "Әдебиет және искусство" 
(1939 - 41; 1945 -57) атауымен шығып тұрған. 1957 жылдан "Ж" деген атпен шығады. Журналдың 
қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп 
еңбек  сіңірді.  Алғашқы  редакторы  -  С.  Сейфуллин,  Журналға  Ғ.  Мүсірепов,  3.  Қабдолов,  Ә. 
Нұрпейісов, С. Мәуленов, Ш. Мұртаза, Б. Тілегенов, М.Мағауин әр жылдары бас редактор болған. 
Журналдың "проза", "поэзия","Ислам тағылымы", "әдеби мұра", "зерде", "әдебиеттану", т.б. 
бөлімдерінде  қазақ  ақын-жазушыларының  жаңа  шығармалары,  өнер  туындылары,  қазақ 
халқының  тарихы  мен  мәдениетіне,  өнері  мен  әдебиетіне  қатысты  мақалалар  жарияланады. 
Қазақстан  суретшілерінің  шеберханасынан  алынған  суреттер  жеке  беттерде  беріледі. 
Құрылтайшысы: "Қазақ газеттері" жабық акцион. қоғамы. Көл. 10 б. т., таралымы 4120 дана(2002). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет