ЖҰБАНДЫҚОВ Ғалия (1872жт., Көкшетау обл. Көкшетау ауд. Жамантұз а. - 1950. сонда) -
ақын. Степняк алтын кенінде жұмыс істеген. Гармон, домбыраның сүйемелдеуімен ән айтқан.
Айтыстарға қатысып, 2-дүниежүз. соғысы кезінде патриоттық жырлар шығарған. "Мен де
аттандым қол жия", "Жеңіс толғауы", "Сөз шырағы Жамбылға" деген өлеңдері "Пернедегі термелер"
(1965) жинағында жарияланған.
ЖҰБАНДЫҚОВ Кенішбай (1865. Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Буденный а. - 1950. сонда) - ақын.
"Жеткенде ақын болдым он бес жасқа", "Байдың үйінде қонақ болу", "Түйе намаз" тәрізді өлеңдері
ел арасына көп тараған. Қарағанды шахтерлері мен Қоңырат кеншілері туралы толғаулар
шығарған. Ж-тың бірталай өлеңдері "Балқаш жұмысшысы", "Советтік Қарағанды" газеттерінде
жарияланып тұрған. "Жарқылдап терезесі күнмен ойнап", "Асудан халқым асқанда", т.б.
жыр-толғаулары халық поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатады. ЖҰБАТОВА Шәмсия
(27.4.1958 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд.) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. Атырау обл. Новобогат
ауд. "Нарын таңы" газетінде, респ. "Ана тілі" газетінде, "Жалын" альманағында қызмет еткен. 1977 -
85 ж. "Бастау", "Балауса", "Жетіген" ұжымдық жинақгарына өлеңдері енген. 1995 ж. "Махаббат
кітабы" жеке жинағы жарық көрген.