Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет605/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   677
ЖҰБАТУ  - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Азалы адамды жұбату - ертеден келе жатқан ізгі 
дәстүр.  Ж.  қалыптасқан  белгілі  композициялық  жүйемен  айтылады.  Ж.  жырларында  нақылға, 
мақал-мәтелге  айналып  кеткен  өлең  жолдары  көп  кездеседі.  Тақырып  өзегі  -  өмір,  тұрмыс 
тәжірибесінен қорытылған аталы сөз, ақыл, өсиет. Айтушы алдымен "Қанаты бүтін сүңқар жоқ, 
тұяғы  бүтін  тұлпар  жоқ"  екенін  айтып  алады  да,  "Тозбасты  ұста  соқпайды,  өлместі  құдай 
жаратпайды"  деп,  табиғаттың  бұлжымайтын  қатал  заңын  еске  алады.  Осыдан  кейін  "Өлгеннің 
соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ" деген түйінді басу айтады."Ат тұяғын тай басар" 
деп  жоқтың  орнын  бармен  толатынын,  жеткіншек  жас  ұрпақпен  жетілетінін  айтады.  "Арты 
қайырлы  болсын,  қалғанына  өмір  берсін"  деген  тілек  білдіреді.  Ж.  батырлар  жырында, 
лиро-эпостық,  халықтық  дастандарда  көп  ұшырайды.  Мыс.,  "Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу" 
жырындағы  Ханымның  Тайлақты,  Тазшаның  Ханымды  Ж-ы,  т.б.  1916  ж.  ұлт-азаттық 
көтерілісіне  байланысты  туған  халық  жырларындада  Ж.  мол.  Жеке  халық  ақындарының 
шығармаларында да Ж. өлендері бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет