Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет631/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   677
ЖҮСШБЕК  Шайхысыламұлы.  Жүсіпбек  қожа  (1854.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Қызылқұм  ауд. 
Қаратау өңірі,    Қожатоғай қонысы -1937, Шыңжаң өлкесі, Құлжа обл. Қызылкүре ауд. Төрткүл 
а.) - ақын, жыршы, ауыз әдебиетін жинаушы. Ауыл молдасынан хат таныған, медреседе оқыған. 
Араб, парсы, шағатай тілдерін меңгерген. "Тотынама", "Мың бір түн", т.б. шығыс аңыздарының 
сюжетін нәзира әдісімен қазақ тілінде қайта жырлаған. 19 ғ-дың 90 ж. бастап Санкт-Петербург, 
Қазан,  Уфа,  Ташкент  қ-ларында  қисса-хикаяттар  мен  дастандарды,  әр  түрлі  айтыстарды  жеке 
кітап  етіп  бастырумен  айналысқан.  Араб,  парсы,  шағатай  тілдерін  жақсы  меңгерген.  Ж. 
шығарм.-ғының бір қыры - айтыс. "Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыздың айтысы" (1910) жеке кітап 
болып. Қазанда басылып шыққан. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруда Ж. үлкен еңбек сіңірді. 
Қазан,  Уфа,  Ташкент,  Санкт-Петербург  қ-ларында  жырлары  мен  дастандары  жиі  жарияланып 
тұрған.  "Қыз  Жібек"  (1894),  "Айман  -  Шолпан"  (1896),  "Алпамыс  батыр"  (1899),  "Кенесары 
-Наурызбай"  (1903),  т.б.  эпостық  жырлар  алғаш  Ж-тің  жинауымен  кітап  болып  жарық  көрген. 
"Мұңлық  -  Зарлық",  "Шәкір  -  Шәкірат",  "Жүсіп  -  Зылиқа",  "Рүстем  дастан",  "Дариға  қыз", 


"Сал-сал",  т.б.  шығыс  қиссаларын  да  бастырып  шығарған.  Он  алтыншы  жылғы  ұлт-азаттық 
көтеріліс жеңіліс тапқан соң Ж. шекарадан өтіп, өмірінің соңына дейін Қытайдағы қазақ ауылдары 
арасында ағартушылық, емшілік іспен шұғылданған. Кейбір деректерде ақынның Шыңжаң өлкесі, 
Іле аймағы, Текес ауд. Шиліөзек а-нда 1937 ж. дүние салғаны көрсетілген. Ақынның жырлары мен 
дастандары Орт. ғыл. кітапхана қолжазбалар  қоры мен Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба 
және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет