"ЗАРҚҰМ" - мұсылман әскерлерінің жеңісі мадақталатын, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен
таралған діни қисса. Қисса қазақ даласына ислам дінінің орнығуымен бірге әуелде ауызша
таралған. Алғаш рет қазақ тілінде 1877ж. Қазан қ-нан кітап болып шыққан. Құрастырушысы
мен баспасы белгісіз. 1879, 1881, 1888 жылдары Ш.Хұсайыновтың құрастырумын Қазан
университеті баспаханасында, 1883 ж. "Вячеслав" баспаханасында, 1902, 1904, 1907 жылдары
Ш.Хұсайынов ұрпақтарының құрастыруымен "Университет" баспаханасында. 1909. 1910, 1914,
1916 жылдары Б.Л. Домбровский баспаханасында (Қазан), барлығы 12 рет жарық көрген.
Қиссада Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) заманында ислам дінін қорғау мақсатында болған соғыс
қимылдары суреттеледі. Шайқас эпик. ауқымда жырланған (қ.Діни қиссалар). "3." қиссасы -
ислам дінін қорғау жолындағы мұсылмандар күресін көркем бейнелейтін діни тақырыптағы
құнды ескерткіштердің бірі.