Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет646/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   677
ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИДЕН әл-Омскауи (1881. Ақмола обл. Көкшетау ауд. бұрынғы Саға а. - 1920. 
Ақмола обл. Көкшетау ауд. Сиыршы а.) - қазақ жазушысы, педагог. Қызылжарда (Петропавл) 
оқып, Уфадағы "Ғалия" медресесін бітірген (1916). 3.-Ғ-нің негізгі еңбегі "Насихат қазақия" 
(1909) Уфада жеке кітап болып шықты (1909). Бұл кітапқа автордың мәдени ағарту саласындағы 
тілек-талаптары мен ана тілін ардақтау, сөз өнерін дамыту ойлары енген.   
 
ЗЕЙНОЛЛА  Сәнікұлы  (1935  жт.,  ҚХР,  ШҰАР.  Тарбағатай  аймағы.  Шағантоғай  ауд.)  - 
жазушы,  ғалым.  аудармашы.  Пекиндегі  бұрынғы  демократияшыл  жастар  ин-тын  бітірген 
(1958).  1958  жылдан  40  жылдай  Шыңжаң  халық  баспасымен  Шыңжаң  жас-өрендер 
баспасында редактор, редакция меңгерушісі қьвметгерін атқарған. Оншақты кітап, жүзге жуық 
зерттеу  макалаларын  жариялаған.  Шет  ел  және  қытай  жазушыларының  балаларға  арналған 
кітаптарын қазақ тіліне аударған. 
 
ЗЕЙІПХАН Ермұрат (15.6.1966 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Іле аймағы,  Күнес ауд.) - ақын, 
жазушы. 1991 ж. Қазақстанға қоныс аударған. Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген (1994). 
1994- 97 ж. Қазақ акад. опера және балет театрында (Алматы) әнші-актер. 1997 - 2000 ж. Қазақ 
акад.  драма  театрында  актер  болып  қызмет  істеген.  2000  жылдан  Қорғаныс  мин-нің  орт. 
ансамблінде  көркемдік  жетекші.  Алғашқы  прозалық  шығармасы  "Сыбызғы  сарыны"  1999  ж.. 
"Өзіңе арнадым" өлеңдер кітабы 2002ж. жарық көрген.   
 
ЗЕЛИНСКИЙ  Корнелий  Люцианович  (18.1.1896.  Ресей,  Мәскеу  -25.2.1970.  сонда)  -  орыс 
ғалымы, филол. ғыл. докт. (1964). Мәскеу ун-тін бітірген (1918). Кеңес Одағы құрамындағы 
халықтар  әдебиеті  және  шет  ел  әдебиеті  туралы  көптеген  зерттеу  еңбектер  жазған.  Қазақ 
халқының  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаев  туралы  монография  жазып,  оның  шығарм-ғын  әлем 
халықтарына  танытуға  елеулі  үлес  қосқан.  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен,  медальдармен 
марапатталған. 
 
"ЗЕРДЕ" - қазақ тіліндегі республикалық ғылыми танымдық журнал. Алғашқы саны "Білім 
және еңбек" деген атаумен 1960 ж. жарық көрген. Алғашқы редакторы - Камал Смайылов. 1989 
жылдан  "3"  деген  атаумен  шығады.  Журнал  өз  оқырмандарын,  оның  ішінде  жастар  мен 
жасөспірімдерді  отандық  және  әлемдік  ғылым  мен  білім  саласындағы  жаңалықтармен 
таныстырып келді.   
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет