ҚазҰУ-ды (1965). КОКП ОК жанындағы Жоғ. партия мектебін (1973) бітірген. 19-58 - 60 ж.
бұрынғы Талдықорған обл. Алакөл ауд-нда комсомолдық қызметте, "Лениншіл жас" (қазіргі
"Жас Алаш") газетінде әдеби қызметкер, 1961 - 63 ж. Алакөл ауд-нда мұғалім, 1963 - 68 ж. ауд,
"Жаңа өмір" газетінде бөлім меңгерушісі, "Жетісу" газетінде меншікті тілші, 1968 - 71 ж.
Талдықорған обл. "Октябрь туы" газегінде, 1973 - 76 ж. Қазақстан Жазушылар одағьшда әдеби
қызметкер, 1976 - 87 ж. "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі, 1987 -1999 ж. респ. баспаларда
1999 - 2001 ж. Алматы обл. әкімш-інде әр түрлі қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңі 1956 ж.
жарық көрген. "Туған ауыл" (1966), "Ақ айдын" (1969), "Ақ дариға" (1973), "Жайдарман" (1975),
"Ғашық дүние" (1976), "Жыр дәурен" (1978), "Алтын аймақ" (1983), "Ғашықпын саған" (1981),
"Бел-белес" (1985, орыс тілінде), "Адырна", "Жебе", "Созвучение" (1984), "Тетива" кітаптары,
1993 ж. шығармаларының екі томдығы. 1998 ж. бір томдық таңдамалысы, 2001 ж.
"Қаламдастарым мен замандастарым" эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы жарық көрген.
2003 ж. "Елорда" баспасынан соңғы он шақты жыл ішінде жазылған өлеңдері "Өнердің жүзі" деген
атпен, естеліктері "Жазушы" баспасынан "Қалам мен Заман" (2002) деген атпен жарық көрген.
Көркем аударма саласында Шығыс шайыры Ж.Румидің, орыс ақындары В.В. Маяковскийдің,
А.Блоктың, А.В. Кольцовтың, С.Жусуевтің, ангола ақыны А.Нетоның, якут ақындары М.Ефимов,
Э.Огнецовтың, қырғыз ақындары А.Рысқұловтың, С.Жусуевтің жыр жинақтарын. С.Цвигуннің
романын, Г.Содовниковтың повестерін қазақ тіліне аударған. Халықар "Алаш" әдеби сыйл.
лауреаты(1992).
Достарыңызбен бөлісу: