Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет655/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   677
ИБРАГИМОВ  Ғалымжан  Ғирфанұлы (12.3.1887. Башқотостан, Ауырғазы  ауд.  - 21.1.1938)  - татар 
жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері, татар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Соц. Еңбек Ері 
(1928),  Орынбор  медресесін  (1905),  Уфадағы  "Ғалия"  медресесін  (1909)  бітірген.  Ұлттар  ісі 
халкомындағы  мұсылмандар  комиссариаты  төрағасының  орынбасары  қызметін  атқарған.  Қазақ 
ауылдарында және Уфадағы "Ғалия" медресесінде ұстаздық еткен. "Тәнім - татар, тілім - башқұрт, 
ойым  -  қазақ",  "тіліміз  әр  түрлі,  ойымыз  -  біртұтас"  деген  ұстаныммен  түркі  жұртының  бірлігін 
уағыздаған. И-тың тұңғыш шығармасы - "Зәки шәкірттің медреседен кетуі"(1907) әңгімесі, "Татар 
әйелдерінің  тағдыры"  (1911),  "Табиғат  перзенті"  (1914),  "Жас  жүректер"  (1912),  "  Біздің  күн" 
(1920), "Қызыл гүл туралы аңыз" (1922), "Терең тамырлар" (1926-28), т.б. шығармалары бар. И. 
көркем  шығармалардан  басқа  татар  философиясынан  "Татар  орфографиясының  принциптері" 
(1924),  "Әдебиет  теориясы"  (1916),  "Ана  тілін  оқытудың  әдістемесі"  (1938),  тарихтан  "Татар 
студенттерінің  қозғалысы  тарихынан"  (1922), т.б.  еңбектер жазған. 20 ғ-дың  30-жылдары жалған 
айыппен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған. И-тың "Терең тамырлар" (1936), 
"Қазақ қызы" (1960), "Біздің күндер" (1971) романдары қазақ тілінде жарық көрген.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет