ИСАХМЕТОВ Нүсіпбек (13.11. 1935. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Будеті а. - 16.10.1999. Алматы обл.
Іле ауд.) - ақын. ҚазҰПУ-ды бітірген. Мектепте мұғалім, мектеп директоры, 1978 - 1999 ж. Алматы
обл. Іле ауд. мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Өлеңдері "Жырға сапар"
ұжымдық жинағына енген (1961).
ИСӘДІЛ Алмат (20.12.1976 ж,т., Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (2000). 1994 - 96 ж. мектепте
мұғалім. 1996 - 98 ж. Алматыдағы респ. оқушылар сарайында қызметкер. 1998 - 2001 ж. "Алматы
ақшамы" газетінде журналист, жауапты хатшы. "Елорда" баспасында редактор, 2001-03 ж. респ.
"Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 2003 - 04 ж. Қазақ Британ тех. ун-тінің (ҚБТУ)
баспасында бас менеджер болып қызмет істеген. 2005 жылдан Қазақ радиосы қоғамдық танымдық
бағдарламасы редакциясының шеф редакторы. "Жас қазақ ақындарының антологиясына" жыр
топтамасы енген. Астанада өткен IV және V Халықар. "Шабыт" фестивалінің "Әдеби шығарма"
номинациясы бойынша дипломанты (2000. 2001), "Жолдар, жолдар" атты өлеңдер жинағы жарық
көрген (2001).
ИСИН Нұрахмет (1928 ж. т.. Қарағанды обл. Нұра ауд.) - ақын. Қарағанды көмір бассейнінің
шахтасында шахтер болып жұмыс істеген. Өлеңдері "Қарағанды жұмысшыларының
әңгіме-жырлары" (1960), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарында жарияланған.