Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет669/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   677
"ИРАНҒАЙЫП ШАҺ ҒАББАС" - батырлық дастан. Арабтың "Мың бір түн" ертегісі сюжетіне 
құрылған дастанды Қарағанды обл. Қарқаралы қ-нда тұрған ақын М.Өндірбайұлы шығарған. Осы 
нұсқа 1907 ж. Қазан қ-нда университет баспасынан " Қисса-и шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып" деген 
атпен жеке кітап болып басылып шыққан. Дастанның қарқаралылық Мағзым Әбдірахманұлы 1932 
ж.  жинап  тапсырған  нұсқасы  1907ж.  басылым  мәтініне  ұқсас,  кейбір  жеке  сөздері  мен  сөйлем 
құрылыстарында  ғана  өзгешелік  бар  да,  сюжетінде  ерекшелік  байқалмайды.  Қоманов  деген  кісі 
1930 ж. ел аузынан жинап алған "Иранғайып" деген жыр мазмұны осы Мағзым нұсқасына ұқсас, 
жекелеген сөз, сөйлем мәтінінде, кіріспе бөлімі мен соңында ғана өзгешеліктер бар. Екі қолжазба да 
Орт.  ғыл.  кітапхана  қорында  сақтаулы.  Шығарманың  сюжет  желісі  "Мың  бір  түн"  ертегісі  мен 
"Шаһнаме"  дастанының  таңғажайып  оқиғаларына  толы,  бас  кейіпкер  шаһ  Ғаббастың  сиыршы 
қызынан аңсап көрген ұлы Иранғайыптың есейе келіп әкесін іздеген кезде бастан кешкен ғажайып 
оқиғалары  негізінде  өрбиді.  М.Өндірбайұлы  жырлаған  дастан  нұсұасы  1995  ж.  жарық  көрген 
"Батырлық дастандар" жинағында (құраст. Ү.Субханбердина) жарияланған.   
 


ИРОНИЯ  (грек.  eironeia-  келемеж,  кекесін)  -  адамға,  затпен  құбылысқа  сырттай  жақсы  баға 
берсе  де,  ішкі  мағынасы  қарсы  келіп,  келекеге  айналдыратын құбылту  (троп) құралы,  болмысты 
жоққа шығарудың бір түрі. И-ға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мыс., қара кісіні "аппағым", 
пұшық  адамды  "қоңқағым"  деу).  И.  18  ғ-дың  аяғында  барынша  дамыды.  Еуропада  -  Вольтер,   
Г.Гейне,    Ф.Франс,    Б.Шоу,    Ресейде  Н.В.  Гоголь,    М.Е.  Салтыков-Щедрин,    В.В.  Маяковский,   
А.Т.  Твардовский,    т.б.  шығармаларында  кеңінен  қолданылды.  И.  қазақ  әдебиетінде  де  көп 
кездеседі.  Мыс.,  "Айман  -  Шолпан"  жырында  Айманның  Әлібекті,  "Біржан  -  Сара"  айтысында 
Сараның Жиенқұлды "Мақтауы". Абай    И-ны әлеум. өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады 
("Болыс болдым мінеки", "Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек". т.б.). С. Дөнентаев, С.Торайғыров, 
А.Тоқ
І
мағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков.т.6. И-ға толы көптеген 
шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында И. 
молынан кездеседі. 
 
ИСА  Қазыбек  (1962ж.т.,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Мақтаарал  ауд.  Бірінші  май  а.)  -  ақын. 
ҚазҰПУ-ды  бітірген.  1984  -  90  ж.  Қызылқұм  орта  мектебінде  мұғалім,  1991  ж.  "Қазақпарат" 
баспа корпорациясының вице-президенті, 2000 жылдан "Жас қазақ үні" газетінің бас редакторы, 
"Жас қазақ" ТГР ЖШС бас директоры. 1984 ж. "Аудитория" студент ақындар кітабында, 1988 ж. 
"Тоғыз  перне"  ұжымдық  жинағында  топтама  өлеңдері  жарияланды.  1996  ж.  "Керімсал"  атты 
тұңғыш  жыр  кітабы  жарық  көрген.  1998  ж.  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
стипендиясының иегері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет