ИСАБАЕВҚалмұкан (25.8.1925 жт., Павлодар обл. Баянауыл а) - жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген
(1961). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің
Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған. 1955 - 85 ж.
"Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, "Жұлдыз"
журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетгі насихаттау
бюросының директоры болған. И-тың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана
бастады. Алғашқы әңгімелер жинағы "Баян" 1959 ж. жарық көрді. "Сапар сыры" (1981), "Десант"
(1984), т.б. спектакльдері обл. драма театрларында қойылған. "Десант" комедиясы Қазақстан
Мәдениет мин-нің 1984 ж. байқауында жүлдеге ие болды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған
300-дей көркем очерк ғыл. және проблемалық мақалалары жарияланған. Кітаптары орыс, неміс,
т.б. бірнеше тілдерге аударылған. Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), "Құрмет"
(2003), 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, ГДР-дің Герман-Совет достығы қоғамының
алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатталған. Халықар. "Алаш" сыйл.
лауреаты (2005).
ИСАБАЕВ Нұртас. (13.11.1954ж.т.,. Қьвылорда обл. Жаңақорған ауд.) - ақын. Мәскеудегі
Әдебиет ин-тын бітірген (1982). Ауд. газетте корректор болып жұмыс істеген. Бірыңғай шығарм.
жұмыспен айналысады. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Бастау" 1980 ж. жарық көрген.
"Көкей-кескен" (1985). "Өмірді сүю" (1987), "Ұлылықпен сырласу" (1990), "Қимаймын сені", т.б.
өлеңдер мен поэмалар жинақтары. "Аққу", "Менің тағдырым", "Елес" поэмалары басылып
шыққан. Орыс тіліндегі "Разбег" ұжымдық жинаққа біртоп өлеңдері енген. Қазақстан
Жазушылар одағы сыйл. иегері (1985).