Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет96/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   677
АНТИТЕЗА-  шендестіру  -  1)  кереғар  ұғымдарды  қарам-қарсы  қолдану  арқылы  ойды 
айшықтай-тын  әдеби  әдістің  бір  түрі.  Мыс.,"Қара  жерге  қар  жауар.  Қарды  көр  де  етім  көр"  ("Ер 
Тарғын"), "Қараппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл. Ұқсайды каса сұлу шомылғанға" (Абай), "Күлемін де 
жылаймын. Жылаймын да күлемін" (Қ. Аманжолов), "Өссе тілім,    мен де бірге өсемін, өшсе тілім мен 
де бірге өшемін" (Ә. Тәжібаев). А-ның бір түрі антиметабола деп аталады. 
 
АНТОЛОГИЯ  (грек.  anthologia  -  гүл  шоғы)  -  таңдамалы  шығармалар,  ақындардың  таңдамалы 
өлеңдерінің  жинағы.  Алғаш  ежелгі  Грекия  ақындарының  таңдаулы  өлеңдерінен  құрастырылған 
жинақты  осылай  атаған.  Тұңғыш  грек  А-сын  ақын  Мелагер  (б.з.б.  60  ж.)  құрастырған.  Алғашқы 
"Қазақ поэзиясының антологиясы" М.Әуезов пен Т.Әлімқұловтың алғы сөзімен 1958 ж.  Мәскеуде 
орыс тілінде  жарық  көрді. Кітапқа қазақ поэзиясының  ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, кеңестік 
дәуірдегі белгілі ақындар өлеңдерінің ең таңдаулылары енген. Қазақ тілінде тұңғыш А. "Қазақ совет 
поэзиясының  антологиясы"  (2  томдық)  1966  ж.  Алматыда  жарық  көрді  (алғы  сөзін  жазған  М. 
Қаратаев;  құрастырғандар  С.Мұқанов,  Ә.Тәжібаев,  Ғ.Орманов,  С.Мәуленов,  Ж.Молдағалиев.т.б.). 
Мүнда әр ақынның өмірі мен шығарм. жолынан қысқаша мағлұматтар берілген. 1977 ж. "Қазақ совет 
антологиясы"  басылып  шықты,  сондай-ақ.  орта  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясының  антологиясы  " 
Алдаспан"  (1971),  "Қазақ  балалар  поэзиясының  антологиясы"  (1977),  "Қазақ  әндерінің 
антологиясы"(1991),  "Қазақ  поэзиясының  антологиясы"  (1993),  "Екі  мың  жылдық  далажыры" 
(2002), т.б. жарық көрді. 
 


АНТОНОВ  Валерий  Александрович  (25.4.1933  ж.т..  Өзбекстан  Әндіжан  қ.)  -  ақын.  ҚазҰУ-ды 
бітірген  (1957).  Баспа  саласында,  Қазақ  радиосында  редактор,  Қазақстан  Жазушылар  одағы 
облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі болып жұмыс 
істеген. "Туған күн" (1956), "Жол айырығы" (1961), "Үндесейік, тілдесейік" (1967), "Көне асатаяқ" 
(1976), т.б. жыр жинақтары жарық көрген.    Бірнеше медальдармен марапатталған. 
 
АНТОНОВ  Василий  Васильевич  (29.7.1923.  Көкшетау  обл.  Арықбалық  ауд,  Лобанова- 
1984.Алматы)  -жазушы,  аудармашы.    ҚазҰУ-ды  бі-тірген.  1961  ж.  "Вот  публика"  деген  атпен 
алғашқы  сатиралық  әңгімелер  жинағы  жарық  көрген.  Жазушының  "Если  останетесь  живы", 
"Знакомая женщина" (1964), "Оглядись если заблудился", "За Ладогой" (1966), "Последний вопрос" 
(1967) повестер жинақтары жарық көрген. А. көркем аудармамен де айналысты.  Ол    Ж.Тілековтың 
"Жоңғар  даласында",  Ө.Қанахиннің  "Дәмелі",  Ж.Босақовтың  "Дүрбелең"  романдарын  орыс  тіліне 
аударды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. 
 
АҢДАТУ (грек. proloqos - алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді. негізгі оқиғаға тікелей 
қатынасы  жоқ  кіріспе  бөлігі.  Мұнда,  әдетте,  оқиға  желісінің  бағыт-бағдарын  алдын  ала  аңғарту 
мақсатымен  бұрынырақ  болған  кейбір  жайлар  баяндалады.  Мыс.,  "Еңлік  -Кебек"  дастанының  бас 
жағындағы "Әңгіме алдындағы аз сөз" деген кіріспе аңдату ретімен берілген. А. казақ әдебиеттану 
ғылымына А.Байтұрсынов енгізген атау.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет