АПОЛОГ (грек. apologos - баяндау, мысалдау) - ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын
көлемді, астарлы әңгіме. Өлең түрінде де жиі ұшырасады. Зерттеушілердің айтуына
қарағанда, А. Шығыста пайда болып, мысал жанрының қалыптасуына ықпалын тигізген үлгі.
19 ғ-ға дейін аполог және мысал атаулары синонимдер ретінде қатар қолданылатын болған.
Айқын аңғарылатын аллегориялық сипат, сатиралық пафос, аң-құстың адамға тән
мінез-қылықпен суреттелді. А-тың негізгі ерекшеліктері. Хайуанаттар туралы қазақ
ертегілерінің де бір парасын А-тар санатына жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: