Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет104/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   677
АРНАУ  ӨЛЕҢ  -  поэзия  жанры.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымына  бұл  терминді  алғаш  енгізіп, 
ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов. Ол "А-ды үш түрге жіктеген: жарлай А., сұрай А., 
зарлай  А."  Жарлай  А.  -  көпшілікке,  белгілі  бір  ортаға,  қауымға  немесе  жеке  адамға  да 
қаратылып  айтылады.  Мыс.,  "Бір  аллаға  сыйынып,  Кел,  балалар,  оқылық.  Оқығанда  көңілге, 
Ықыласпен тоқылық" (Ы.Алтынсарин);    С ұ р а й А. - көпшілікке, не жеке адамға арнап айтылады 
және оған жауап беріледі. Кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. Мыс., "Не жазып 
ем,  құдай-ау,  мен  қазаққа,  Мұншама  ғып  салғандай  бұл  азапқа?  Адамшылық  есебіне  кірісіп, 
Қолы  жетсін  дегенім  бе  азатқа?!",  немесе  "Бар  ма,  қазақ,  мұнан  басқа  қылғаным?  Неңді 
шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді?  Тамақ үшін сатқан 
иттер  иманын"  (А.Байтұрсынов).  А.ө-дер  іштей  жанрлық  түрге  жіктелгенімен,  олардың 
үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы А. ө-ді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, 
онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Зарлай арнау -А. ө-нің ең көне түрі. Халық 
басына  түскен  қиын  кезең  немесе  жеке  адамның  басына  түскен  қиындық,  тағдыр  тәлкегі 
зарлай  А-да  ерекше  ашылып, көрсетіледі. Мыс.,  "Сауықшыл  есіл  елім-ай!  Сарыарқа  қайран 
жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!, немесе "Қиналдың-ай, шыбық жан! 
Тоқтамапты ыстық қан! Зарлайсың ғой жетім боп, Бесікте қалған балапан!" (МЖұмабаев). А. ө-нің 
құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Көркемдік қуаты ой-толғамы жағынан бұндай А. ө-дер 
кем соғып жатады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет