топтамаларға енді. "Көгілдір" өлеңдер жинағы 1987 ж. жарық көрді. "Біржан сал", "Петропавловск
- қызылдардың қаласы" атты пьесалардың авторы. Қ.Әбілев, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова т.б.
ақындармен айтысқан. И.Гоголевтің "Наара Суох", Л.Табукашвилидің "Арманымның ақ құсы"
пьесаларын қазақ тіліне аударған. 1983 ж. "Қар қызы" (авт. О.Бөкеев), 1985 ж. "Көкшетау"
(С.Сейфуллиннің поэмасы бойынша) бейнефильмдерін түсірді. М.Мақатаев атынд. сыйл. (1988).
Қазақстан Жастар Одағы сыйл. (1990) лауреаты.
АССОНАНС (франц. assjnance, лат. assono - үйлесім) - өлең жолдарындағы дауысты
дыбыстардың үндесе қайталануы. А. өлеңнің интонац.-муз. мәнін, эксперссивтік-эмоционалдық
бояуын күшейтіп, әсерлілігін арттырады. Мыс.,"Еңсесі биік ақ орда, Еңкейіп сәлем бер сана. Ернеулі
жұқа сары аяқ, Ер сарқытын бер сана" ("Ер Едіге" жыры).
Достарыңызбен бөлісу: