Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет111/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   677
АРЫСТАНОВ Жүсіпбек(1904 жт.. Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. №1 - а. - 1982, Алматы) - 
жазушы. Ресейдегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік ун-тін (1925). Қызыл профессура ин-тын 
(1933)  бітірген.  1925  -  26  ж.  "Ақ  жол"  газетінде  редактордың  орынбасары,  1926-27  ж.  Жетісу 
губерниялық кеңес-партия мектебінің директоры, 1927 - 28ж. Орта Азия мемл. ун-тінің оқытушысы, 
1935  жылдан  Қазақ  марксизм-ленинизм  ин-ты  директорының  орынбасары,  БК(б)П  Қазақстан 
Өлкелік к-ті бөлім меңгерушісінің орынбасары, "Қазақстан коммунисі" журналы редакторының 
орынбасары,  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен Қазақстан")  газетінің  жауапты хатшысы, 
Қазақ  мемл.  көркем  әдебиет  баспасының  (қазіргі  "Жазушы")  редакторы  қызметтерін  атқарған. 
Бірнеше прозалық кітаптардың, авторы. Ленин орденімен марапатталған. 
АСАЙЫНОВ Мұса (1929. Көкшетау обл., Успен ауд. - 1975, Көкшетау қ.) - ақын, "Қазақстанның 
еңб.  сің.  мәдениет  қызметкері"  (1974).  ҚазКСР-дің  құрылғанына  50  жыл  толу  мерекесіне  орай 
өткен респ. ақындар айтысы (1970). Жамбылдың туғанына 125 жыл толуына байланысты өткен 
ақындар айтысына (1972) қатысқан. Игібай Әлібаевпен, Бикен Сембаевамен айтыстары "Қазақгың 
қазіргі халық поэзиясы" (1973), "Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы" (1975) жинақтарына енген.  
АСАН  Әбеуұлы  (1.8.1960  ж.т..  ҚХР.  Тарбағатай  аймағы.  Толы  ауд.)  -ақын.  Шыңжаң  ун-тінің 
филол. ф-тін бітірген (1984). 1984 - 1996 ж. Шыңжаң ун-тінде оқытушы. "Шыңжаң жоғары оқы 
орындары" ғыл. журналының редакторы болды. 1996 жылдан Үрімжідегі қазақ орта мектебінің 
директоры. Жыр жинағы. бірнеше әдеби-публицист. мақалалар жинағы жарық көрген. 
АСАН  ҚАЙҒЫ  Сәбитұлы  (14  ғ-дың  ақыры  -  15ғ-дың  2-жартысы)  -  ақын,  жырау,  философ, 
мемлекет қайраткері. Қызылорда обл. Шиелі ауд. "Жеті әулие" қорымындағы Асан ата кесенесі А. 
Қ. мазары делінеді. Халық арасына кең тараған, әр кезде хатқа түскен А. Қ. туралы аңыздар мен ол 
айтыпты  дейтін  толғаулар,  ақыл,  нақыл  сөздер  аз  емес.  Ол  өзінің  іргелі  ойларымен,  көсем 
сөздерімен  Қазақ  хандығының  іргесін  нығайтып,  қалыптастыруға  қызмет  етеді.  Өз  заманының 
тарихи оқиғаларын ой таразысына салып, келешек күндерді болжай білген. А. Қ. елінің сулы-нулы. 
шөбі шүйгін. құтты қоныс тауып, "адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін" мамыражай, 
еркін  өмір  сүруін  аңсады.  Бұл  мұратын  жырау  "Жерұйық"  деп  атады.  Жыраудың  Жерұйықты 
(кейде  "Жиделібайсын"  делінеді)  іздеуі  атақты  Томас  Мор  "Утопиясы"  (1516)  мен  Томмазо 
Кампанелланың  "Күн  қаласы"  (1602)  шығармасындағы  қиял-армандарымен  ұштасып  жатыр. 
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына 
көз  салмай,  шабылып  жатқан  халқының  жағдайын  ойламай  бейғам  отыруына  наразылық 
тұрғысында  айтылады:  "Қымыз  ішіп  қызарып,  Мас  танып неге терлейсің,  Өзіңнен басқа  хан 
жоқтай, Елеуреп неге  сөйлейсің?". Осы арнауында жырау  күн-шығысқа көз алмай қарайтын 
көрші  патшалықтан  сақтанудың  қажеттігін  арнайы  ескертеді:  "Қилы-қилы  заман  болмай  ма, 
Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма?". Ел аузындағы аңыздарда А. Қ. халқының 
қамын  ойлап, күңіренген  абыз  жырау ретінде танылады.  Ш.Уәлиханов  А-ны  "көшпелі  қазақ, 
ноғай ұлысының философы" атаған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қара-қалпақ халықтары 
арасында  да  А.  Қ.  есімі  ілтипатпен  аталып,  құрмет  тұтылады.  Оның  ақындық  ойы  мен 
жыраулық  философиясы  өзінің  танымдық  құдіреттілігімен  ерекшеленеді.  Қазақ  халқы 
ғасырлар  бойы  А.  Қ.  есімін  үстемдікке,  озбырлыққа,  әділетсіздікке  қарсы  ұстанған  ізгілік 
символына айналдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет