Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет119/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   677
АТАҒОЗЫ Айтқұлұлы (шамамен 1704 - 1794) - би. Атырау. Маңғыстау өңірінде ғұмыр кешкен. 
Мұрат  Мөңкеұлы,  Нұрым,  Аралбай,  т.б.  ақындар  А-ны  өз  толғауларында  ерекше  құрметпен 
атайды.  Х.Досмұхамедұлы  "Аламан"  жинағында  (1926.  Ташк.)  А-ны  қазақтың  атақты  билері 
санатында  атайды.  А-ның  "Бір  билік"  әңгімесі  "Шайыр"  жинағында(1910  -  1912.  Орынб.) 
жарияланған.  Зираты  Бейнеудегі  Бекет  Ата  мешітінің  сож-нде  2  км  жерде.  АТАЙ  (т.ө.ж.б.)  - 
ақын.  15  ғ-да  өмір  сүрген.  Ежелгі  Сайрамда  дүниеге  келген.  Өз  заманында  оқыған, терең 
білімді адам ретінде аты мәшһүр болған. А. орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің  қалаларында 
оның ішінде. Самарқанда да біраз тұрып, қызмет атқарған. Бізге ақынның "Диуан" деп аталатын 
өлеңдер  жинағы  жеткен.  Бұл  жинақтың  түпнүсқасы  Санкт-Петербургтегі  Ресей  ҒА-ның 
Шығыстану ин-тында сақтаулы. Ақынның махаббат, табиғат, сұлулықты мадақтайтын ғазалдары 
өзбек тіліне аударылып, бірнеше рет жарық көрді. А. шығармалары, қазақ әдебиетіне тіл жағынан 
да түр жағынан да жақын. Қазақ ауыз әдебиетінде ерте қалыптасқан "айтыс", "жар-жар" сияқты 
өлең түрлерін өз шығармаларында жиі қолданған.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет