қайтаруымен аяқталады. Аңыздық-эпик. желімен қатар тарихи-этн. мәліметтерді де қамтып
отыратын жыр жолдарынан ноғайлы дәуірінің тарихи тұлғаларын көптеп кездестіруге болады.
Олар бірде антопоним (Тарғын, Жәнібек), бірде топоним (Жем, Астрахан), бірде көне
наным-сенім көріністері (Қыдыр, Ілияс, қырық шілтен) түрінде бой көрсетіп отырады. Көлемі
800 жолдан астам жыр нұсқасы 1942 ж. Алматыда жазылып алынған. Қағазға түсірген - Дәуіт
Сеңгірбаев. Қолжазба Орт. ғыл. кітапханада сақтаулы (№667). 1990 ж. "Батырлар жырының"
6-томында толық жарияланған.
АСАНОВ Қайырбек Зәйтенұлы (19.2.1945 ж.т., Қызылорда обл. Тереңөзек ауд.) - ақын.
ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1973- 80 ж. "Лениншіл жас" (казіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби
қызметкер, жауапты
хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1980 - 94 ж. "Қазақ әдебиеті"
газетінде жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, 1994 - 95 ж. "Заман Қазақстан"
газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 1996 - 97 ж. Қазақстан Жазушылар одағы
жанындағы әдеби қордың директоры, 1997 -98 ж. ҚР Сыртқы істер мин. Дипломатиялық
академиясының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1999 жылдан ҚР Ұлтгық қауіпсіздік
к-тініңсалалық "Отан" журналының бас редакторы, "Тұңғыш" (1978), "Сүйемін сені" (1980),
"Ғашық ғұмыр" (1982), "Сен жанымда жүрсең" (1989), "Ағайынға ақ тілек" (2003)
кітаптарының авторы. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1984).
АСАНОВ Сабырхан (12.10.1937. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд. Иіркөл а. - 17.8.1995.
Алматы)-ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1960). Шығарм. қызметін Оңт. Қазақстан обл. Киров ауд. "
Кировшылар үні" газетінің жауапты хатшысы болып бастаған. Ұзақ жылдар "Социалистік
Қазақстан" газеті, "Жұлдыз" журналы. "Қазақ әдебиеті" газеті редакцияларында қызмет
атқарды. А-тың алғашқы өлеңдері "Оңтүстік Қазақстан" обл. газетінде. "Жырға сапар" (1960),
"Жас дәурен" (1961). "Бір тұтас семья сезімі" атты ұжымдық жинақтарда жарық көрді.
Ақынның "Тұңғыш кітап" (1963), "Алматым менің жас шағым" (1968), "Шолпан" (1974),
"Ақбота" (1976), "Қоштасқым келмейді"(1978), "Бақытымды жырлаймын" (1980), "Қызғалдақ
күндер" (1981), "Сағындырған көктем" (1983), "Сағынамын" (1986), "Көктемнің шуақты күндері"
(1987), "Елу көктем" (1990) жыр жинақтары жарық көрген. Әлем әдебиетінен А.Байрон,
Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.А. Файз, С.Данилов, Р.Ғамзатов, И.Абашидзе, Е.Евтушенко сынды
ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақынның өз өлеңдері де орыс, неміс, латыш, татар,
башқұрт, якут, қырғыз. т.б тілдерге аударылған.
АСАУБАЙ Жәдігерұлы. Қанжығалы Асаубай (т.ө.ж.б.) -шешен, би. Арқадағы Қорқылдақ
к-нің (қазіргі Ақмола обл. Қорғалжын ауд.) төңірегін қоныс еткен. А. қара қылды қақ жарған
әділ де сыншыл би болған. Оның Шыңғыс төреге. Абылай тұқымынан шыққан Ахмет биге,
керей Бекентай байға, Жарқын биге, қарабалық Күлік байға, Омар төреге, т.б. айтқан сөздері
ұшқырлығымен, жігерлілігімен ерекшеленеді. А-ның шешендік "Қазақтың би-шешендері"
(1993) жинағында жарияланған.
АСҚАР Оразақын (16.5.1935 ж.т.. ҚХР. Іле аймағы. Мүкей-қаратас а.)- ақын. Үрімжідегі
Ұлттар ин-тын (1951). ҚазҰУ-ды (1961) бітірген. "Шыңжаң" газетінде қызмет атқарған. Осы
жылдары сол газетке және "Шұғыла" журналына өлеңдері жиі жариялана бастады. 1955 ж. 27
Қазақстанға қоныс аударып. Тарих. этногр. және археология ин-тында кіші ғыл. қызметкер.
1964 - 1970 ж. Қазақстан Жазушылар одағы Көркем әдебиетті насихаттау бюросында
нұсқаушы, 1970 - 1984 ж. Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, 1984- 1995 ж. "Жалын"
баспасында аға редактор қызметтерін атқарды. Тұңғыш өлеңі (" Әйелдерге") Құлжа аймақтық
"Жаңа жол" газетінде жарық көрген (1950). Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Тұңғыш") 1964 ж.
жарияланды. "Мейірім" (1969), "Күнегей" (1975), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981),
"Сәулет" (1984), "Керімбал" (1991) өлеңдер жшақтары. "Өркеш" (1987), "Баркөрнеу" (1992),
"Орбұлақ" (2000), "Тәуелсіздік тартулары" (2001) атты таңдамалы өлеңдер мен поэмалары
жарық көрді. А-дың балаларға арналған "Ләйла" (1977), "Таудай бол" (1984), "Қос қоңырау"
(1985), "Жарапазан" (1996), "Суретті өлең әліппе" (1997), "Әріптер әлеміне саяхат" (1997)
және орыс тілінде "Расти большим" (1999) деген кітаптары шықты. Халықар. "Алаш" сыйл.
лауреаты (2005).
АСҚАР Татанайұлы (1906. ҚХР. Алтай ауд. Қыран өз. бойы - 18.4.1994. ҚХР. Алтай қ.) - ақын,
жазушы, драматург. ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 жасында жаза бастайды.
"Малбикенің өмірі", "Ғылымсыз ғұмыр - тұл" дастандары қытайдағы қазақ әдебиетіне
жаңашалеп әкелді. "Талап","Қалың мал", "Құлдықтан құтылғандар" пьесаларын жазып, сол
елдегі қазақ драматургиясының негізін қалады. 1959 - 78 ж. Қытайдағы жүргізілген солшыл
саясат кесірінен тұтқындалып, 1978 ж. ақталған. "Тарихи дерек. келелі кеңес" трилогиясын, "Бір
ғасыр" романын, "Қарасеңгір оқиғасы" хикаятын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: