"АТАМҰРА" - баспа, полиграфия және кітап саудасы салаларына маманданған ірі кәсіпорын.
Құрамына "Атамұра" баспасы. Полиграфия комбинаты. "Атамұра-Ақпарат" агенттігі,
"Атамұра-Жарнама" консалтинг фирмасы, "Атамұра транс" компаниясы, т.б. енеді. "А" баспасы,
негізінен, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кітаптар. ғыл., ғыл.-танымдық. әдеби-көркем және
энциклопед. басылымдар шығарады. Олардың қатарында "Абай", "Ақмола", "Маңғыстау"
энциклопедиялары, көптомдық "Қазақстан тарихының" алғашқы үш томы бар. АТЫҒАЕВ Әбітай
(5.12.1912. Жезқазған обл. Ақадыр ауд. - 1985. Алматы) -аудармашы. "Социалистік Қазақстан"
(қазіргі Егемен Қазақстан") газетінің редакциясында корректор, әдеби қызметкер, әдеби хатшы,
аудармашы, "Жазушы" баспасында аға редактор қызметтерін атқарған. А. француз жазушысы Луи
Бусенардың "Қаһарман капитан", неміс жазушысы Генрих Белльдің "Қайда едің, Адам?",
романдарын, орыс жазушылары Л.Соболевтің "Үшінші лек" әңгімелер жинағын. А.Мұсатовтың
"Дөң басындағы үй", О.Коваяковтың "Тұнжыр Вангур", Қазақстандық жазушы М.Зверевтің "Ақ
марал" повестерін қазақ тіліне аударған.