ӘІШМБАЕВСағат (1.5.1947 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. - 26.8. 1991. Алматы) - жазушы,
әдебиет зерттеуші. ҚазҰУ-ды бітірген (1970). Алғашқы мақалалары 1966 -67 ж. ауд. "Советтік
шекара", обл. "Жетісу" газеттерінде жарияланған. Еңбек жолын 1969 - 1973 ж. "Ленишиіл жас"
(казіргі "Жас Алаш") газетінде. 1973 - 76 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, осы әдеби
журналдың алқа мүшесі. 1976 -1979 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде бас
редактордың орьшбасары, 1979 - 1980 ж. "Жалын" баспасында қызмет атқарған. 1980 - 1986 ж.
Бүкілодақгық авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің (ВААП) Қазақ бөлімшесінің бастығы,
1986 - 1991 ж. Қазақстан Радио және телехабарлары жөніндегі мемл. к-ті төрағасының орынбасары,
төрағасы қызметтерін атқарған. Ә. 20 ғ-дың 80-шы жылдарынан бастап Қазақстан телеарнасында
"Жүректен қозғайық" және осы хабардың жалғасы ретінде "Парыз бен қарыз" атты авторлық
бағдарламалар жүргізген. Қазақстаннан тыс тұратын қандастарымыздың арасында түсіріп қайтқан
"Қауышу" хабары да кезінде өте жоғары бағаланды. Ә-тың негізгі тақырыбы - сын жанры. Оның
қаламынан туған білімдар, әдепті, зерттеу-талдау тұжырымы көңілге қонымды мақалалары
мерзімді баспасөз бетінде жүйелі жарияланып тұрды. Негізгі шығармалары: "Сын мұраты"
(1974), "Талантка тағзым" (1982), "Парасатка құштарлық" (1985), "Шындықка сүйіспеншілік" (1993),
"Ақиқатқа іңкәрлік" (1997) атты сын еңбектері және бірнеше мақалалары жарық көрді. "Сын
мұраты" атты сын мадала жинағы үшін Ә-қа Қазақстан Жастар одағының (Қазақстан Комсомол)
сыйл. берілді (1976). Қазір Райымбек ауд-нда өзі оқыған мектебі Ә. атымен аталады. Алматы
қ-ндағы бір көшеге есімі берілген. Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған Ә. атынд. ең үздік
телехабарларға берілетін жүлде бар.