ӘШІРБЕКОВМомын (1890, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Сәтбаев атынд. а. - 1973. Алматы) -
ақын. Өлеңдері "Пернедегі термелер" жинағында (1965) жарияланған. Өзінің "Белестер", "Кербез
дала" (1963), "Ақ селеу" (1972) аталған өлеңдер жинағы жарық көрген.
БАБАЖАНҰЛЫ Бауыржан (1969 жт., Қарақалпақстан Респ. Қоңырат ауд.) - ақын. ҚазҰУ-ды
бітірген (1995). Әдебиет және өнер ин-нда кіші ғыл. қызметкер, "Жалын" журналында, "Ана тілі"
газетінде бөлім меңгерушісі, "Алтын Орда" газетінде бас редактордың орынбасары, Ақтөбе обл.
"Ақтөбе" газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт мин. департаментінің
қызметкері болып жұмыс істеген. Казір "Ақтөбе" газетінің бас редакторы. Алғашқы өлеңдері
"Толқыннан толқын туады", "Жас ақындар антологиясы" жыр жинақтарына енген.. "Аспан мен
жердің арасы" жеке жыр жинағы жарық көрген (2001).
"БАБАЛАР СӨЗІ" - ғылыми басылым, қазақ фольклорының жүз томдық жинағы. 2004 ж.
Әдебиет және өнер ин-ты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған "Мәдени мұра" мемл.
бағдарламасы шеңберінде "Б. с." ғыл. басылымын дайындап шығаруды қолға алды. Жүз томдық
жинақтың басты мақсаты - қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұраларын, Орт. ғыл. кітапхана мен
Әдебиет және өнер ин-тының қол-жазба қорларында сақталған құнды фольклорлық шығармаларды
түгел жарыққа шығару. Әр томдағы шығармалар жанрлары бойынша топтастырылған. 2004 ж.
басылымның 7 томы жарық көрді.