төңірегінде болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды
("Көрұғлы", "Жүсіп - Ахмет". т.б.) қазақ тілінде, өзінше жырлап. Сыр бойына таратады. Сонымен
қатар шығыс аңыздарының ізімен "Әминә қыз". "Айна - тарақ" шағын дастанда-рын шығарады.
1907 ж. Б. ж. Қазан қ-нан тасқа басылып шыққан "Айман - Шолпан" жырын жаңартып, "Қыз
Жібек" жырынада көп өзгеріс енгізіп, жырлайды. "Әр кемелге - бір зауал", "Тіршіліктің түрлері",
"Керқұлан", "Кермиық", т.б. іргелі толғаулары бар. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт
бабалардың да өнегелі сөздерін қажет жерінде жырға қосып отырған. Сыр бойында тараған ортақ
әуенді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Жырау қартайған
шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып
отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа
түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Б. ж-дың өлеңдері 20 ғ-да ғана
баспа бетін көре бастады. "Терме" (Ташкент, 1925), "Қазақтың әдебиет нұсқалары"(1931), "Қасиетті
Қармақшым" (2003), "Ғасырлар толқыны" (2004) жинақтарына енген. Оның шығармаларына
С.Сейфуллин, М.Жұмабаев. т.б. жоғары баға беріп, Бұхар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау
алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинауға ӘДиваев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан.
Ә.Қайнарбаев, т.б. үлкен еңбек сіңірді. Б. ж-дың ұрпақтары Өзбекстандағы Тамды ауд-ның "Жаңа
шаруа" а-нда тұрады.
БАЗЫЛХАН Бұхатұлы (9.5.1932 ж.т., Моңғолия, Баян Өлгий, Аққол а.) - ғалым, филол. ғыл.
докт. (1993). проф. (1995). Моңғолия мемл. ун-тін бітірген (1960). 1960 ж. Моңғолия ҒА-ның. 1993
жылдан Қазақстан ҒА-ның ғыл. қызметкері. Б. Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, тіліне, ауыз
әдебиетіне, әдет-ғұрпына қатысты деректер жинап, Баян Өлгийде Моңғол ҒА-ның қазақ
бөлімшесін ашуға ат салысты.
Достарыңызбен бөлісу: