БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ -қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін мифол. бейне. Аңыз
бойынша, шын есімі - Баба Туклас. Әкесінің есімі - Керемет Әзіз. Баба Тукластың өзі Меккеде патша
болған. Енді бір аңыз бойынша, Б. Т. Ш. Ә. - Қожа Ахмет Иасауидың арғы бабасы, ислам діні Орта
Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі, Қорқыт Атаның замандасы ( 8 - 9 ғ.). Үшінші аңыз
бойынша, Баба Тукластың баласы Еділ - Жайыққа дейін келген, оның Құтлубек атты ұлынан Едіге
батыр туған. Меккеге қажыға барушылар, ең алдымен, Мұхаммед ғ.с-ның, онан кейін
Әлем-Музтазы - Сейіттің, содан соң осы Баба Тукластың қабіріне барып тәу ететін болған. Б. Т. Ш.
Ә. қазақ фольклорында да әулие кейпінде суреттеледі, бас кейіпкерлер қиналған кезде медет
беруші, демеуші пір тұлғасында бейнеленеді. Мыс., "Алпамыс батыр" жырында әулиеден әулие
қоймай тентіреп жүрген Байбөрінің түсіне Б. Т. Ш. Ә. кіріп, әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны
туралы аян береді. Бұдан былайғы жерде ол Алпамыстың медет беруші пірі, демеушісі болады.
Сондықтан да өткен ғасырларда баласы жоқ ата-аналар Б. Т. Ш. Ә-дің күмбезіне барып, басына
түнейтін болған. Б. Т. Ш. Ә-ге сиынып, жалбарыну дәстүрі халық арасында күні бүгінге дейін
сақталған. Б. Т. Ш. Ә-ді халық мұсылман әулиесі деп есептегенмен, күмбезде сақталған аттың,
қошқардың, бураның бастары, тас қайрақ, жада тас оның тәңірге табынған салт-санаға жақын
болғанын көрсетеді. Қариялардың айтуынша, бұрын Б. Т. Ш. Ә. күмбезінің ішінде қобыз,