БАЙБОЛОВҚазанқап (1889, Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Ұзынбұлақ а. - 1945. сонда) - ақын.
1934 ж. Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш съезіне қатысып, осы жылдан бастап баспасөзде
өлеңдері жариялана бастады. "Төле бидің тарихы", "Төрт дәруіш", "Еңсегей бойлы ер Есім",
"Өкірік Найман туралы", "Сайыпжамал сұлу", "Шеризат - Күлшат" ғашықтық жырлары,
"Бау-бақша", "Дайын бол" толғаулары, "Сыпатай", т.б. шығармалары бар. Өлеңдері "Толғау
өлеңдері" (1939), "Халық қаһары" (1949), "Халық ақындары" (1965), "Пернедегі термелер" (1968)
жинағына енген. Б-тың 1943 ж. Алматыда өткен респ. ақындар айтысында Нартай Бекежановпен
жыр сайысына түскен. Осы айтыс "Айтыс" (1966. Зт.) кітабына енген. Ақынның өмірі мен шығарм.
туралы "Ақын-жыраулар" жинағында (1979), "Қазақсовет энцикшпедиясында" (1975. 6-т..)
жазылды. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен үш мәрте марапатталған.