БАЗАРБАЕВМүсілім (15.5.1927. Қызылорда обл. Сырдария ауд. Кекірелі а. - 9.11.1995.
Алматы) - ғалым. мемлекет. қоғам қайраткері, филол. ғыл. докт. (1974). проф. (1982). ҚазҰУ-ды
(1948). КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1956). 1948 - 51 ж.
"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), 1952 - 56 ж. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы, 1956- 70 ж.
Әдебиет және өнер ин-ты директорының орынбасары, директоры, 1970 - 81 ж. ҚР Мәдениет
министрі, Сыртқы істер министрі, 1981 - 88 ж. Әдебиет және өнер ин-тының директоры, жетекші
ғыл. қызметкері, 1988 - 95 ж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 3 томдық "Қазақ
әдебиетінің тарихы" (1960 - 67, 1968 - 79, орыс тілінде), "20-30 - жылдардағы қазақ әдебиеті"
(1998) ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады. "Қазақ совет әдебиеті",
10-сынып(1954 - 85), "Қазақ әдебиеті", 11-сынып (1989 - 94) атты орта мектептерге арналған
оқулықтардың авторларының бірі. Б. орыс жазушысы И.С. Тургеневтің "Ася", " Бекет үй",
"Алғашқы махаббат", "Көктемгі тасқын" повестерін қазақ тіліне аударды. Екі рет Қызыл Ту
орденімен марапатталған.