'БАЙСЕЙІТ БАТЫР" - тарихи жыр. Жырдың негізгі арқауы - қазақ пен қырғыз арасындағы
жанжалды тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу. "Б. б." жыры 1941 ж. Саяділ
Керімбекұлынан жазылып алынған. Өлең құрылысы толық он бір буынды қара өлең үлгісі.
Жырдың Т.Байғалиев жырлаған нұсқасы да бар, онда тарихи шындық мүлдем бұрмаланған. Екі
нұсқа да Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
БАЙСЕЙІТОВ Мақсұт Ыбырайұлы (1927. Қарағанды обл. Тельман ауд. Елтайа. - 1972) - ақын.
КСРО Жазушьшар одағының мүшесі (1947). Қарағанды обл. радио к-тінде редактор (1944 - 48),
обл. "Советтік Қарағанды" (қазіргі "Орталық Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер (1948- 68),
Қарағанды телевизия студиясында редактор (1969 - 72) болып қызмет атқарған. Алғашқы
өлеңдер жинағы "Өмір оттары" 1953 ж. жарық көрген. "Кайрат", "Менің бақытым", "Сұрапыл",
"Қыран" т.б. он шақты поэманың авторы.